Ұлытау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2024 жылғы 29 қазандағы № 39/01 қаулысы. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қазанда № 152-20 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ұлытау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды танылсын.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Мырзабеков

  2024 жылғы 29
қазандағы
№ 39/01
қаулысына қосымша

Ұлытау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Ұлытау ауданы әкімдігінің "Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" 2009 жылғы 29 мамырдағы № 09/05 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-45 болып тіркелген).

      2. Ұлытау ауданы әкімдігінің "Ұлытау ауданының түлектеріне арналған Жастар практикасын ұйымдастыру туралы" 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 07/01 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-58 болып тіркелген).

      3. Ұлытау ауданы әкімдігінің "Мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 07/02 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-16-57 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады