Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әскерге шақыру учаскесіне 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған азаматтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 1994 жылы туған азаматтарды Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру учаскесіне әскери есепке тіркеу жұмыстары 2011 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
2. "Ұлытау ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (майор Р. Шакерхановқа келісім бойынша):
1) аудандағы ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тіркеуге жататын азаматтардың тізімін сұратып алу;
2) азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру шаралары жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныс беру тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ақышбековке жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Омаров |
КЕЛІСІЛДІ
2010 ж.1 желтоқсан
"Ұлытау ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р. Шакерханов