Жұмыссыздарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 03/08 қаулысы. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 25 наурызда N 8-17-94 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарына сәйкес жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау, жеке кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыссыздарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Ауылдық округ және кент әкімдері, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен (Б. Бекенов) біріге отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен уәкілетті органға тіркелген жұмыссыздардың өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (М. Жонкина) жұмыссыздарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсетуді аудандық бюджеттің есебінен 39 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат бөлу міндеттелсін.
      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Бекенов) өз істерін ашу және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек алуға (әрі қарай - материалдық көмек) тілек білдірген жұмыссыздардың өтініштерін қабылдауды және тіркеуді, сонымен қатар материалдық көмекті тағайындау (тағайындамау) туралы шешім қабылдауын қамтамасыз етсін.
      5. Жұмыссыздардың материалдық көмекті мақсатты пайдалануын, жұмыссыздардың өз істерін ашуымен өздерін жұмыспен қамтуы жөніндегі жүргізілген шаралардың тиімділігін бақылау жұмыстары ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне және ауылдық округтер мен кенттер әкімдеріне жүктелсін.
      6. Шет ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 13 ақпандағы "Жұмыссыздарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету туралы" N 2/4, қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      7. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинға жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған уақыттан бастап қолданысқа енеді және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады, 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданыста болады.

      Шет ауданының әкімі                        Қ. Тілеубергенов

Шет ауданының әкімдігінің
2010 жылғы 26 ақпандағы
N 03/08 қаулысына
қосымша

Жұмыссыздарға өз істерін ашуға және өздерін жұмыспен қамту үшін материалдық көмек көрсету комиссияның құрамы

      Бекқожин                        Шет ауданы әкімінің орынбасары,
      Юржан Асанұлы                   комиссия төрағасы

      Искакова                        Шет ауданының жұмыспен қамту
      Гүлнар Төлеуқызы                және әлеуметтік бағдарламалар
                                      бөлімінің бас маманы,
                                      комиссия хатшысы

Комиссия мүшелері

      Бекенов                         Шет ауданының жұмыспен қамту
      Бақыт Маратұлы                  және әлеуметтік бағдарламалар
                                      бөлімінің бастығы

      Төлегенова                      Шет ауданы әкімі жанындағы
      Рая Төлегенқызы                 аудандық отбасы істері және
                                      гендерлік саясат жөніндегі
                                      комиссия хатшысы

      Рысбек                          Шет ауданы бойынша салық
      Нұрлан Рахымбекұлы              басқармасы бастығының
                                      орынбасары (келісім бойынша)

      Көкжалова                       Шет ауданының экономика және
      Рахил Зәкірқызы                 бюджеттік жоспарлау бөлімі
                                      бастығының орынбасары

      Смағұлұлы Әділхан               Шет аудандық Мәслихатының
                                      депутаты (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады