Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 31.07.2013 N 8-2/820 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабы 6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, жұмыссыз азаматтарды – орта және жоғары кәсіби білім беру орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру, олардың практикалық тәжірибесін, білімдері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерінің аясын кеңейту мақсатында, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті орган "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі):
1) кәсібі бойынша орта және жоғары кәсіби білім беру орындарын бітірген, Жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыссыз жастардың арасында 6 ай мерзімге Жастар тәжірибесін өткізу жұмысын ұйымдастыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жұмысқа орналасуға жәрдем жасасын;
2) жұмыссыздарға – кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген жұмыс берушілермен Жастар тәжірибесі аясында жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі кәсіби тәжірибені ұйымдастыруға шарт жасасын;
3) Жастар тәжірибесін өткізу шараларын қаржыландыру облыстық бюджеттегі 027 "Әлеуметтік жұмыс орындары және жастар тәжірибесі бағдарламаларын кеңейтуге арналған аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетінің ағымдағы мақсатты түрдегі трансферті" бағдарламасы бойынша көзделген облыстық бюджеттегі ағымдағы трансферттердің, сондай-ақ, 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 102 "Жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары" қосымша бағдарламасында көзделген Шет ауданының бюджеті есебінен жүргізілсін;
4) Жастар тәжірибесіне жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы трансферттер сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды облысы Шет ауданы әкімдігінің 2011.05.10 N 08/02 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Шет ауданының әкімі Қ. Тілеубергенов