Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 31.07.2013 N 8-2/820 хатымен).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес Шет ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шет ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 28 мамырдағы "Шет ауданының жұмыссыз жастары үшiн дипломнан кейiнгi кәсiби тәжірибені ұйымдастыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-17-100 болып тіркелген, 2010 жылғы 1 шілдедегі N 27 (10.282) "Шет Шұғыласы" газетінде жарияланған) N 10/03 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағы 4) тармақшасындағы "20 000 (жиырма мың)" деген сандар "26 000 (жиырма алты мың)" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Шет ауданының әкімі Қ. Тілеубергенов