Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 16 сәуірдегі ХІІІ сессиясының "Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 13/172 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2009 жылғы 15 мамырда N 8-17-73 болып тіркелген, аудандық "Шет Шұғыласы" газетінің 2009 жылғы 28 мамырдағы N 23 (10225) санында жарияланған) мынандай толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ мынандай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Жоғары медициналық білім беретін оқу орындарында, ауданға қажетті медициналық мамандықтар бойынша ақылы негізде оқитын алтыншы және жетінші курс студенттеріне.";
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т. Әбеуов
Аудандық Мәслихаттың
хатшысы Р. Мақсұтов