"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынандай әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай "Алтын алқа", "Күміс алқа" белгілерімен наградталған, бұрын "Батыр ана" атағын алған, "Ана даңқы" орденімен наградталған көп балалы аналарға және жүз жастан асқан аналарға;
2) 9-мамыр Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жесірлеріне, Ауған соғысына және Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандарға, Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлердің әйелдеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда еңбек еткендерге, бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде мүгедек болғандарға;
3) Қарттар мен Мүгедектер күнін мерекелеуге байланысты I, II топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және тоқсан жастан асқан қарттарға, жалғызбасты қарттарға;
4) Жоғарғы немесе арнаулы орта оқу орындарының күндізгі бөлімін бітіріп, мамандығы бойынша аудан мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандарға;
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, I, II топ мүгедектеріне, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, тоқсан жастан асқан қарттарға, Ауған соғысына және Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқандарға, бейбіт уақытта әскери борышын өтеу кезінде мүгедек болғандарға Республикалық, облыстық және аудандық мерзімдік баспасөзғе жазылуға және бір жылға екі баспасөзден артық емес көлемде;
6) Белгілі себептермен жедел әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға, тұрмыс жағдайы төмен аз қамтамасыз етілген азаматтарға, денсаулығы нашарлауына байланысты мүгедектерге, оралмандарға.
7) Жоғары медициналық білім беретін оқу орындарында, ауданға қажетті медициналық мамандықтар бойынша ақылы негізде оқитын алтыншы және жетінші курс студенттеріне.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.09.28 N 26/274 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Шет ауданында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б. Бекенов) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді, аудандық әлеуметтік көмек көрсету комиссиясының қорытынды шешімі негізінде төлесін.
4. Әлеуметтік көмектер ауылдық округ және кент әкімдері, аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының аудандық бөлімшесі және мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары негізінде жүргізілсін.
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудандық Мәслихаттың тұрақты комиссиясы (X. Әбітаеваға) және аудан әкімінің орынбасары Ю. Бекқожинге жүктелсін.
6. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Н. Шоқпаров
Аудандық мәслихаттың хатшысы Р. Мақсұтов