Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қыркүйектегі N 26/273 шешімі. Қарағанды облысы Шет ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 4 қарашада N 8-17-105 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/297 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 2010.12.23 N 28/297 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі бекітілсін.
      2. Аудандық Маслихаттың 2006 жылғы 28 қыркүйектегі ХХХІ сессиясының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы" N 31/303 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне - 2006 жылғы 27 қазанда N 8-17-27 болып тіркелген, аудандық "Заман" газетінің 2006 жылғы 2 қарашадағы N 45 (10089) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Т. Әбеуов

      Аудандық Мәслихаттың
      хатшысы                                    Р. Мақсұтов

Шет аудандық Мәслихатының
2010 жылғы 28 қыркүйектегі
ХХVІ-сессиясының
N 26/273 шешімімен
бекітілген

Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы Шет ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 19 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы" N 710 қаулысына сәйкес әзірленді және Шет ауданында тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) өтініш беруші – тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өз атынан немесе отбасы атынан өтініш берген тұлға;
      2) отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;
      3) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      4) тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (тұрғын үй, пәтер);
      5) коммуналдық қызметтер - тұрғын жайды электрмен, сумен, кәрізбен жабдықтау, қоқысты әкетуді қамтитын қызметтер;
      6) тұрғын жайды күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы;
      7) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – отбасының кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға, тұрғын жайды күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтыну мен газ бен қатты отынды сатып алуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюына байланысты жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      8) кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
      9) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп – ұстау және күрделі жөндеу жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      10) кондоминиум объектісін күрделі жөндеу – ғимараттың (объектінің) негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін өзгертпей, қажет болған жағдайда конструктивтік элементтері мен инженерлік жабдықтар кешенін ауыстыру арқылы, физикалық және моральды тозығын жоюға бағытталған құрылыс және ұйымдастыру-техникалық шаралар кешені;
      11) қызмет жеткізуші – кондоминиум объектісін басқару органы және аудан тұрғындарын электрмен, сумен, кәрізбен жабдықтауды, қоқысты әкетуді, газбен, телекоммуникация қызметімен қамтамасыз ететін жеке және заңды тұлғалар, жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалға алу құқығы бар жергілікті атқарушы орган;
      12) шот (түбіртек-шот) - коммуналдық қызметтерге, газды сатып алғанына, тұрғын жайды күтiп-ұстауға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарды растайтын құжат;
      13) уәкілетті орган – "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      14) арнайы комиссия – уәкілетті органның бірінші басшының бұйрығымен бекітілетін, тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде туындаған дау-жанжалдар мен ережеге сәйкес келмейтін жағдайлар бойынша шешім қабылдайтын комиссия.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шет ауданында тұрақты тұратын тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары болып табылатын отбасыларға (азаматтарға):
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын жайды күтiп-ұстауға;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну және газ бен қатты отынды сатып алуға;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына;
      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаю бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеуге беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын жайды күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен газбен қатты отынды сатып алуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметіне жұмсаған отбасының шығыстары отбасының орташа айлық жиынтық табысының шекті жол берілетін шығыстар үлесіне шаққандағы сомасынан жоғары болған жағдайда, осы екі соманың айырмасы мөлшерінде төленеді.
      4. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының орташа айлық жиынтық табысының 15 % құрайды.
      5. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.

2. Тұрғын үй көмегін алуға өтініш беру тәртібі

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тоқсан сайын тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне белгіленген үлгіде өтініш (1-қосымша) береді.
      Өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) өтініш берушінің салық төлеуші ретіндегі куәлігінің көшірмесі;
      3) өтініш берушінің әлеуметтік жеке кодының көшірмесі;
      2) тұрғын жайға құқық беретін құжаттың көшірмесі (жылжымайтын мүлік нысанын тіркеуге техникалық төлқұжат, жалдау (жалға алу) келісім шарты);
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) жылжымайтын мүлікке меншік құқы жөніндегі анықтама;
      5) отбасының құрамы туралы мәліметтер;
      6) отбасының табысын және отбасы мүшелерінің қызметін растайтын құжаттар (еңбекақы жөнінде анықтама, еңбек кітапшасының көшірмесі, еңбек шартының көшірмесі, оқу орнынан анықтама, жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі);
      7) отбасылық жағдайды растайтын құжаттар: некеге тұру немесе некені бұзу куәлігі, қайтыс болғаны жөніндегі куәлік, АХАЖ бөлімінен N 4 үлгідегі анықтама;
      8) жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтер;
      9) тұрғын үй инспекциясымен келісілген, пәтер иелерінің жалпы жиналысында бекітілген кондоминуим объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері, тұрғын үйді күтіп – ұстауға жұмсалатын ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы шоттар, коммуналдық қызметтерді тұтыну мен газ сатып алғаны туралы шоттар, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін қызмет жеткізуші берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот және телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот.
      7. Тапсырылған құжаттар негізнде уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға жыл басынан алғаш рет өтініш берілген айдан бастап ағымдағы жылдың 31 желтоқсан аралығына дейін келісім-шарт жасайды. Шарт екі данада жасалады, бір данасы өтініш берушіде, бір данасы уәкілетті органда болады. Тұрғын үй көмегін алуға құқық отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтерді тоқсан сайын және тұрғын жайды күтіп - ұстауға жұмсалатын шығындар мен коммуналдық қызметтер, телекоммунация қызметі бойынша шығындар туралы мәліметтерді ай сайын бере отырып расталады.
      Ұсынылған мәліметтер негізінде уәкілетті орган ай сайын тұрғын үй көмегін тағайындаудың есебін жүргізеді. Есептің бір данасы өтініш берушіге сұраныс бойынша беріледі.
      8. Тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын жайды жалдаушы адам белгілі бір себептермен өзі өтініш жасай алмайтын жағдайда, сенімхат негізінде отбасының басқа адамына уәкілеттік беруге құқығы бар.
      9. Өтініш беруші уәкілетті органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне құжаттардың (жеке басын куәландыратын құжаттар, тұрғын жайға құқық беретін құжат, азаматтарды тіркеу кітабы) түпнұсқалары мен көшірмелерін жылына бір рет (өзгеріс болмаған жағдайда) ұсынады.
      Уәкілетті орган, халыққа қызмет көрсету орталығы, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды түпнұсқамен салыстырып, тексергеннен кейін "түпнұсқамен салыстырылған" белгісін қояды.
      10. Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдайды, тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген құжаттарды қабылдау және тапсыру журналына тіркейді (8-қосымша) және өтініштің бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға тапсырады.
      11. Уәкілетті орган өтініштерді қабылдайды және тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген өтініштерді тіркеу журналына (9-қосымша) тіркейді.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      12. Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын жағдайларды қоспағанда, отбасындағы еңбекке жарамды адамдар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет өткермейтін және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш берушінің отбасының құрамы туралы мәліметтерді (2-қосымша) растайды.
      13. Өтініш берушінің меншік иелігінде бірден артық жылжымайтын мүлік тіркелген болса, сонымен қатар, тұрғын жайын жалға берген жағдайда тұрғын үй көмегі төленбейді.
      14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қалыптастырады және тұрғын үй көмегін тағайындайды (тағайындамайды).
      Бас тартқан жағдайда, бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган заңды және жеке тұлғаларға сұраныс жасауға құқығы бар.
      17. Өтініш беруші 15 күн мерзімде уәкілетті органға тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруіне негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән - жайлар туралы хабардар етуге міндетті. Уақытылы хабардар етпеген жағдайда, қайта есептеу келесі айда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      18. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      Тұрғын үй көмегінің құрамындағы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар мен тұрғын жайды күтіп-ұстауға тиесілі сома кондоминиум объектісінің басқару органының есепшотына аударылады.

4. Коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары

      19. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін отбасына коммуналдық қызметтерді, қатты отын мен газды тұтыну нормалары белгіленеді.
      Тұрғын жайдың жалпы алаңының нормасы отбасының әр мүшесіне он сегіз шаршы метрден, ал жалғызбасты адамдар үшін отыз шаршы метрден есепке алынады. Осы белгіленген нормадан аспаған жағдайда, есептеуге тұрғын жайдың нақты жалпы алаңы алынады.
      Жылыту маусымы ретінде жеті ай (қазан айынан бастап сәуір айын қоса алғанда) мерзім қабылданады, осы мерзімге қатты отынның жалпы шығыны әр отбасына он тоннаға дейінгі көлемде белгіленеді.
      Тұрғын үй көмегін есептеу үшін облыстық статистика органының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмірдің орташа бағасы пайдаланылады.
      Тұтыну нормалары:
      1) жылыту маусымында тұрғын жайдың бір шаршы метр жалпы алаңын жылытуға жұмсалатын қатты отынның шығыны бір және екі қабатты үйлер үшін жүз килограмм, үш және одан да көп қабатты үйлер үшін алпыс тоғыз килограмм;
      2) электр қуатын тұтыну отбасының нақты шығыны бойынша, айына жүз елу киловаттан артық емес;
      3) газ шығыны отбасының нақты шығыны бойынша, отбасына айына он килограммдық бір газ баллонынан, ал жалғызбасты адамдар үшін айына бес килограммнан артық емес мөлшерде белгіленеді.
      4) суға, кәрізге, қоқыс шығаруға жұмсалған шығындар бекітілген тариф бойынша отбасындағы адам санына есептеледі.

5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу тәртiбi

      20. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының жиынтық табысын (бұдан әрi – жиынтық табыс) уәкілетті орган есептейді.
      21. Отбасының орташа айлық жиынтық табысы тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы ( бұдан әрі – есепті кезең) отбасының жалпы жиынтық табысын үш айға бөлу жолымен есептеледі.
      22. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасындағы барлық адамдардың табысы қосылады.
      Есептi кезеңде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде келген (кеткен) отбасы мүшесiнiң табысы келген (кеткен) күнінен бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
      23. Бір тоқсаннан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, алимент, зейнетақы, жәрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептiк кезеңде алынған табыстың үлестік сомасы есептеледі.
      24. Шетелдiк валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.
      25. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған табысы туралы толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған кезде, өтініш беруші сол тоқсанға тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады (төлем тоқтатылады).

6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде есепке алынатын табыс түрлерi

      26. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлерi есепке алынады:
      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
      2) кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн табыс;
      3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс;
      4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
      5) өзге де табыс.
      27. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
      1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
      2) тұрғын үй жәрдемақысы;
      3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
      4) бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
      5) есепті кезеңде белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен жалпы сомада көрсетілген, ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек.
      Есепті кезеңде көрсетілген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөріс деңгейінен асып түскен жағдайда, көрсетілген көмек сомасы мен облыс бойынша есепті кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейі арасындағы айырма жиынтық табыс есепке алынады;
      6) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
      Егер жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
      7) отбасы мүшелерінің бipeуi осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтiн алимент;
      8) азаматтардың тегiн немесе жеңiлдiкпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
      9) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
      10) азаматтардың елдi мекеннен тыс жерлерге емделуге тегiн немесе жеңілдiкпен жол жүру құны;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
      дәрілiк препараттар;
      санаторийлiк-курорттық емдеу;
      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
      жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлiнген басқа да сауықтыру құралдары;
      бiлiм алу кезеңiнде оқушыларды тегiн тамақтандыру түрiнде көрсетiлген заттай көмек түрлерi.
      12) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
      13) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек;
      14) оралмандарға көші-қон заңнамаларымен белгіленген біржолғы жәрдемақы, тұрақты қоныстану үшін жұмсалған жол шығынын өтеуге, тұрғын үй алуға төленген қаражат;
      15) әлеуметтік қорғалмаған және күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға жалпы білім беретін мектептерді ағымдық ұстауға бөлінетін бюджеттік қаражаттың бір пайызынан кем емес мөлшерде қаржылық және материалдық жәрдем көрсетуге бағытталған қаражаттың есебінен көрсетілетін ыстық тамақпен көмектің және азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне байланысты аз қамтамасыз етілген азаматтарға көрсетілген ақшалай немесе заттай түрдегі көмектің құны.

7. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрінде алынған табыс

      28. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Ереженің 27-тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
      1) жұмыс берушi еңбекақы ретiнде есептеген, атап айтқанда:
      жалақының барлық түрлерi, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);
      демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн ақшалай өтемақы;
      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;
      уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңiндегi жалақы;
      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;
      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн басқа да төлем түрлерi;
      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiм-шарт бойынша қызмет атқарып жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;
      жалдау бойынша төленетiн еңбекақы;
      жұмыс берушi төлеген несие сомасы. Көрсетiлген төлемдер несиені өтеудiң белгiленген мерзiмiне бөлiп таратылады;
      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:
      Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнде белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;
      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;
      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;
      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi жөнінде тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы;
      он сегіз жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын мемлекеттiк жәрдемақы;
      үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
      қаржыландыру көзiне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;
      жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;
      бірінші, екінші топтағы жалғызбасты, басқа адамның көмегiне мұқтаж мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына қосылатын күтiмге арналған қосымша үстемеақылар мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының шешiмi бойынша бюджеттен берiлетiн басқа да ұдайы төлемдер;
      Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамаларына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес берiлетiн, осы Ереженiң 27-тармағының 11) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа, заттай көмек түрлерiнiң құны, сондай-ақ осы көмектiң орнына төленетiн сома;
      осы бөлiмде көрсетiлген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде белгiленген, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
      29. Жиынтық табыстың құрамына қызметкер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде оның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы заңнамаға сәйкес жұмыс берушi төлейтiн бiр жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
      30. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердiгерлiк және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
      31. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның iшiнде ғылыми, әдеби және өнер туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
      32. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.
      33. Еңбекақы, стипендия және әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыстар олардың мөлшерi туралы ресми расталған анықтамалар негізінде есепке алынады.

8. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс

      34. Жиынтық табысты есептеу кезiнде кәсiпкерлiктен және басқа да қызмет түрлерiнен түскен мынадай табыстар есепке алынады:
      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;
      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;
      3) шаруа қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған.
      Шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, табысы туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен табыс.
      35. Жекелеген азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өз қолымен жазылған өтiнiш негiзiнде растайды.
      Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада қосылады.
      36. Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдардың табысы жазбаша өтiнiшпен расталады.
      37. Кәсiпкерлiк қызметпен арнаулы салық режимi жағдайында айналысатын адамдардың табысы бiржолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негiзiнде расталады.
      Ресми расталмаған табыс, оның ішінде шаруа қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алынған табыс және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдардың табысы әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.

9. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс

      38. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
      39. Адамдардың асырауындағыларды ұстауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде есептеледi.
      Егер алимент төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтамасын ұсынған кезде);
      2) бас бостандығынан айыру органдарында не уақытша ұстау изоляторында болған (алимент аударылмайтыны туралы түзеу мекемесінің анықтамасын ұсынған кезде);
      3) туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарларда), еңбекпен емдеу пофилакторийінде емдеуде жүрген немесе есепте тұрған (анықтамасын ұсынған кезде);
      4) Қазақстан Республикасы тиісті келісім жасаспаған мемлекеттерге тұрақты тұруға кеткен жағдайларда жиынтық табысты есептеу алимент мөлшерінсіз жүргізіледі.
      40. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады.
      41. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшiн берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

10. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      42. Отбасының жиынтық табысында есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi растаған жеке қосалқы шаруашылығы туралы және оның мөлшерi туралы мәлiметтердің негiзiнде есептеледi.
      43. Уәкiлеттi орган жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты нормативтік карточка (5-қосымшасы) негiзiнде есептейдi.
      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.
      44. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) бір килограмм өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен анықталады және одан шығыстардың орташа деңгейi шегерiледi.
      45. Табысты есептеу үшiн алдыңғы күнтiзбелiк жылдың өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
      Малды (құсты) есептi кезеңде сату кезiнде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректерi бойынша тiрi мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бiржолғы табыс қосылады.
      Жиынтық табыс жұмыс малы (жылқы, түйе және басқалары) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.
      46. Осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес өнiм бермейтiн жастағы (төл) үй малынан, құстан түсетiн табыс ол сыйға тартылған немесе өткiзiлген (сату, сою және т.б.) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдiң құны отбасының жиынтық табысына тiрi мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
      47. Осы Ереженiң 47-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.
      48. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есебiнiң жеке нормативтiк карточкасын осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

11. Жиынтық табысты есептеу кезiнде есепке алынатын өзге табыс

      49. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
      1) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден;
      2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
      3) шетелдiк валютаны өткiзуден;
      4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зергерлiк бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан;
      6) авторлық сыйақы түріндегі;
      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлiктi сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған;
      8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
      9) қайтарымсыз алынған ақша;
      10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
      11) ақшалай аударымдар;
      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотореялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
      13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түрінде) қоса алғанда, өзге де мәлімдеген табыс.
      Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
      50. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бiр айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
      51. Алынған несиелердiң (шағын несиелердiң) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
      52. Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатудан алынған табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі есепті кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады.
      Басқа тұрғын үй (көлiк құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлiктi (көлiк құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлiк құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жиынтық табысында есепке алынады.

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
1-қосымша

"Шет ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесіне
________________________________________
(округ, елді мекен атауы
_________________________________ тұратын
көше, үй, пәтер N, телефон N)
________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке басының куәлігі N ____________________
куәлік берген орган ________________________
берілген күні _____________________________
ӘЖК N _________________________________
СТН N _________________________________

Өтініш

      Тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын. Менің отбасым ___ адамнан тұрады. Тұрғын жайым: тұрғын үй, пәтер (қажет емесі сызылады), жалпы алаңы ______ ш.м.
      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:
      1. жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі
      2. тұрғын жайға құқық беретін құжаттың көшірмесі
      3. азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі
      4. жылжымайтын мүлікке меншік құқы жөніндегі анықтама
      5. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеу үшін қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарнаның мөлшері туралы анықтама
      6. отбасының құрамы туралы мәліметтер
      7. отбасының табысы туралы мәліметтер
      8. жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтер
      9. отбасының шығыстарын айқындайтын шоттар (түбіртек-шоттар).
Жеке шоттың N __________ Почтаның атауы _______________
      Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
      "____" ______________ 201__ ж. ____________________________
                                       (өтініш берушінің қолы)
      Құжаттар қабылданды:
      "___" _________ 201__ ж. _____ ________________________________
                       (қолы) (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның
                                           Т.А.Ә., лауазымы)

---------------------------------------------------------------------
                                (қию сызығы)
      Өзгерістер туындаған жағдайда, олар туралы 15 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.
      Жалған мәліметтер мен жасанды құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
      Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы
____ данада қоса берілген құжаттармен азамат ____ өтініші қабылданды. "____" _______ 201__ ж. _____ _______________________________________
                        (қолы) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә.,
                                         лауазымы)

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
2-қосымша

Өтініш беруші отбасының құрамы туралы мәліметтер

____________________                         ________________________
      (Т.А.Ә)                                        (мекен-жайы)

р/с N

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні, айы, жылы









































Өтініш берушінің қолы ________________________
Күні ___________________

Кент, ауыл (село), ауылдық(селолық)
округ әкімінің немесе отбасы құрамы
туралы мәліметтерді растауға
уәкілетті органның өзге де
лауазымды адамның Т.А.Ә ________________ __________________
                              (қолы)           (тегі)

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
3-қосымша

Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 201____ жылғы ______ тоқсандағы табысы туралы МӘЛІМЕТТЕР

____________________                         ________________________
      (Т.А.Ә)                                       (мекен-жайы)

р/с N

Отбасы мүшелерінің Т.А.Ә.

Кәсібі: жұмысы, ((мекеменің, шаруа қожалығының атауы), жалдамалы жұмыс, өз-өзін жұмыспен қамтыған, жұмыссыз) орны немесе үш жасқа дейінгі бала күтімінде

Құжаттамалық расталған табыс сомалары

Өзге де мәлімделген табыс

Табыстың түрі

Сомасы, теңге

Табыстың түрі

Сомасы, теңге







































































Өтініш берушінің қолы ________________________
Күні ___________________

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
4-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтер
(жиынтық табысты есептеу үшін)

____________________                          _______________________
      (Т.А.Ә)                                      (мекен-жайы)


Өлшем бірлігі

саны


жасы

саны

Саяжай



Ірі қара мал:
Сиырлар
Бұқалар



Бақша



Жылқылар:
Биелер
айғырлар



Жер учаскесі, оның ішінде үй маңындағы



Түйелер
Інгендер



Шарты жер үлесі



Қойлар, ешкілер



Мүліктік пай (берілген жылы)



Тауықтар, үйректер, қаздар






Шошқалар



Өтініш берушінің қолы ________________________
Күні ___________________

Кент, ауыл(село),
ауылдық (селолық) округ әкімінің немесе
жеке қосалқы шаруашылықтың мөлшері туралы
мәліметтерді растауға уәкілетті органның
өзге де лауазымды адамының Т.А.Ә. ________________ __________________
                                        (қолы)           (тегі)

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
5-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормативтік карточкасы

Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________
Мекен-жайы __________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

"__"_________ 201__ ж.

Өтініш берушінің қолы ________________________
_____________________________________________________________________
                  (есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
6-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге 5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226




Арпа

15

174




Жүгерi (салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102




Көкөнiстер

90

1249




Бақшалар

85

458




Шекілдеуiк бақтары

22

525




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құсы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны теңге (2-бағ. х  4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ. -  3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал (сүт)

1100

19944




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

16016




шошқалар (шошқа еті)

110

8462




Қойлар, ешкілер (ет/жүн)

22/2,25

1200/105




Жылқы (жылқы еті)

138

6044




Түйе (түйе еті)

140

2925




Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
7-қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
8-қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген құжаттарды қабылдау және тапсыру журналының үлгісі

N

Құжаттарды қабылдаған күні

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Мекен-жайы

Құжат саны

Уәкілетті орган

қабылдаған күн

Қабылдаған маманның Т.А.Ә. қолы








Шет ауданы бойынша тұрғын
үй көмегін көрсету ережесіне
9-қосымша

Тұрғын үй көмегін тағайындауға берілген өтініштерді тіркеу журналының үлгісі

N

Уәкілетті органға өтініш түскен күн

Өтініш жазылған күн

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Мекен-жайы

Орындалысы

Жауаптың күні

Шарт N, Қабылданған шешім








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады