Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шет ауданы әкімі аппараты жетекшісінің 31.07.2013 N 8-2/820 хатымен).
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңынның 10 бабының 9 тармақшасына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ірі қара малы арасынан құтырма ауруының шығуына байланысты 2010 жылдың 21 қазан айынан бастап 60 күн Өспен ауылдық округіне шектеу қойылсын.
2. Өспен ауылдық округіне шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
1) Басқа жерден мал әкеп қосуға және мал шығаруға;
2) Шикі сүт тағамдарын ішкі сауда орындарында сатуға және көпшілік орындарда тамаққа пайдалануға;
3) Құтырма ауруы шыққан жердегі, суат пен жайылымды сау малдарға пайдалануға.
3. Залалды ошақты сауықтырудың кешенді іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітіліп, орындалысы жауапты тұлғалардан сұралсын.
4. Шет аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекция бөлімі Е. Абақанов (келісім бойынша) залалды ошақта жүргізілетін ауыл шаруашылығы мал бастарын сауықтыруға бағытталған ветеринариялық іс-шаралардың орындалысын қадағалау сұралсын.
5. Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі Х. Сарсенбеков құтырма ауруы шыққан ошақ аумағындағы ауыл шаруашылығы малдары мен үй жануарларына осы ауруға қарсы профилактикалық егуге қажетті вакцина мөлшерін, атқарылатын ветеринариялық іс-шаралардың қаржы көлемін есептеп, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөліміне сұраныс беруді қамтамасыз етсін.
6. Шет аудандық медициналық бірлестігі Х. Әбитаева (келісім бойынша) залалды ошақпен қатынаста болған ауыл тұрғындары арасында бақылау жүргізіп, профилактикалық вакцинациялаудан толық өткізуін қадағалау сұралсын.
7. Шет ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау басқармасы Қ.Мұқашев (келісім бойынша) адамдар денсаулығын қорғаудағы шаралардың орындаудалысын қадағалау сұралсын.
8. Шет ауданының ішкі істер бөлімі А. Қанафин (келісім бойынша) Өспен ауыл округіне қарасты мал басының, мал өнімдерінің сыртқа шығу, сырттан кіру құжаттарын жергілікті ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары арқылы қатаң тексерілуі сұралсын.
9. Құтырма ауруынан сауықтыру ветеринариялық шараларының мүлтіксіз орындалуына бақылау, басшылық жасау, округтік статистика мамандарымен бірлесе отырып Өспен ауылындағы жеке меншігіндегі және шаруа құрылымындағы ауылшаруашылығы малдары мен үй жануарларын анықтауды Өспен ауылдық округінің әкімі Егінбай Алиев қамтамасыз етсін.
10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енеді.
11. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
Шет ауданының әкімі Қ. Тілеубергенов
КЕЛІСІЛДІ
Шет ауданының бас мемлекеттік
ветеринариялық–санитариялық
инспекторының міндетін атқарушы Е. Абақанов
2010 жылғы 21 қазан
Шет ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы А. Канафин
2010 жылғы 21 қазан
Шет ауданы бойынша Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасы Қ. Мұқашев
2010 жылғы 21 қазан
Шет аудандық медициналық
бірлестігінің директоры Х. Әбітаева
2010 жылғы 21 қазан
Шет ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 21 қазандағы
N 20/01 қаулысына қосымша
Шет ауданы Өспен ауылындағы мал басы мен иттерді құтырма ауруынан сауықтыруға арналған кешенді іс-жоспар
р/с |
Құтырма ауруының одан әрі тарамауына қарсы қолданылатын шаралар |
Орындау мерзімі |
Жұмыстың орындалуына жауаптылар |
1 |
Ауру ошағындағы мал басын құтырма ауруына қарсы вакциналау, ауру малдарды оқшауландырып, олардан ветеринариялық зертханаға сынамаға жіберу |
Тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитарлық инспекторы қадағалауымен аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің мамандары, округтің ветеринариялық дәрігері, лицензиат–ветеринар маманы (келісім бойынша), мал иелері (келісім бойынша) |
2 |
Құтырма ауруымен өлген мал бастарын өртеу арқылы жою |
Тұрақты |
Округтің ветеринариялық дәрігері, лицензиат–ветеринар маманы (келісім бойынша), мал иелері (келісім бойынша) |
3 |
Ауру ошағындағы малдан алынған шикізат (сүт, қаймақ) өнімдері 80-85 0С температурамен 30 минут қайнатудан (пастеризация) өткеннен кейін тағамға пайдалану. |
Шектеу алынғанға дейін |
Мал иелері (келісім бойынша) |
4 |
Ауыл шаруашылығы малдарының тері, жүн өнімдерін тығыз материалдан жасалынған қапшықтар арқылы арнайы залалсыздандыру жолымен өндіріс орындарына жіберу. |
Шектеу алынғанға дейін |
Округтің ветеринариялық дәрігерінің ұйымдастыруымен мал иелері (келісім бойынша) |
5 |
Ауру мал, ауруға күдікті мал басы тұрған ауыл шаруашылығы нысандарын дезинфекциялау: |
Тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитарлық инспекторы қадағалауымен, округтің ветеринариялық дәрігерінің ұйымдастыруымен лицензиат ветеринар маман (келісім бойынша) мал иелері (келісім бойынша) |
6 |
Ауру мал тұрған қораға сау малды кіргізбес бұрын тиянақты механикалық тазалаудан және санитариялық жөндеуден өткізіп, серуендейтін алаңға және басқа нысандарға, бөлмелерге дезинфекция, дезинсекция, дератизация жасау |
Шектеу алынғанға дейін |
Округтің ветеринариялық дәрігерінің ұйымдастыруымен мал иелері (келісім бойынша) |
7 |
Құтырмамен ауырған және осы ауруға күдікті мал басы мен ит тұрған қоралардың қиын, төсенішін және қалдық азығын жойып, залалсыздандыру. Бұл қоқыстарды бір жерге үйіп өртеу арқылы жою. |
Шектеу алынғанға дейін |
Округтің ветеринариялық дәрігері, лицензиат–ветеринар маманы (келісім бойынша), мал иелері (келісім бойынша) |
8 |
Ветеринариялық іс-шаралар өткізілген және ауру мал болған жерге еріксіз және қорытынды дезинфекция, дератизация, дезинсекция жасау. |
Қажеттілігіне қарай |
Аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитарлық инспекторы қадағалауымен, округтің ветеринариялық дәрігерінің ұйымдастыруымен лицензиат ветеринар маман (келісім бойынша) мал иелері (келісім бойынша) |
9 |
Шектеуді алардан бұрын санитариялық тазалаудан өткен ауыл шаруашылық нысандарына қорытынды дезинфекция жасап, оның сапасын зертханалық тексеріспен анықтау. |
Тұрақты |
Республикалық індетке қарсы отряд (келісім бойынша) |
10 |
Округ әкімінің өкімімен Өспен ауылындағы ауылшаруашылығы малдарының, иттердің саны алынып, оларды құтырма ауруына қарсы алдын алу іс-шараларын жүргізіп, құжаттандыру және бұралқы иттерді жоюды ұйымдастыру. |
Тұрақты |
Округ әкімі, статистика маманы, округтің ветеринариялық дәрігері, лицензиат ветеринар маман (келісім бойынша) мал иелері (келісім бойынша) |
11 |
Халық арасында құтырма ауруының алдын алудағы санитариялық-ағартушылық жұмыстарын жүргізу. |
Тұрақты |
Аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық-санитарлық инспекторы қадағалауымен, округтің ветеринариялық дәрігері, округ әкімі аппаратының маманы, учаскелік полиция инспекторы (келісім бойынша) |
12 |
Залалды құтыру ошағындағы мал басын қадағалауға алып ең соңғы мал өлгеннен 60 күн өткен соң, құтырма ауруымен белгісімен ауырған мал басы тіркелмеген жағдайда шектеуді алуға ұсыныс беру |
Қажеттілігіне қарай |
Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы (келісім бойынша) |