Чапаев көшесін Рақымжан Қошқарбаев көшесі деп қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы Приозерск қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 30 қарашадағы N 22/5 қаулысы және Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы 222/34 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қаңтарда N 8-4-215 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, қалалық ономастикалық комиссиясының шешімінің негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Чапаев көшесі Рақымжан Қошқарбаев көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалысын бақылау әкім орынбасары Б.Ә. Казиеваға және қалалық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Қ. Смағұлов

      Сессия төрағасы
      қалалық мәслихат хатшысы                   Е. Омаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады