Приозерск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 223/34 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда N 8-4-219 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 тамыздағы N 278/42 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2011.08.22 N 278/42 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Приозерск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі бекітілсін.
      2. Приозерск қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 наурыздағы N 165/30 "Приозерск қаласында мысықтарды және иттерді күтіп-ұстау Қағидасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-4-30 болып тіркелген, 2006 жылғы 5 мамырдағы N 8 (55) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы
      қалалық мәслихат хатшысы                   Е. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қарағанды облысы ІІД
      4-бөлім бастығы
      полиция подполковнигі
      _________________ Аппазов Қ.Е.
      21 желтоқсан 2010 жыл

      Приозерск қаласы бойынша
      мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы
      ___________________ Батанаева Е.Қ.
      21 желтоқсан 2010 жыл

      Ауыл шаруашылығы және
      ветеринария бөлімінің бастығы
      _________________ Исатаев А.Н.
      21 желтоқсан 2010 жыл

Приозерск қалалық мәслихатының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
N 223/34 шешімімен
бекітілген

Приозерск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже қалалық мәслихат бекіткеннен кейін өз қызметін қала аумағында жүзеге асыратын, немесе қала аумағында тұратын жеке меншіктің барлық түріндегі заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
      2. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесінің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311543 баптарына сәйкес тиісті уәкілетті органға (ішкі істер бөліміне) жүктеледі.
      3. Осы Ереже Приозерск қаласының аумағында қолданылады.
      4. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:
      1) ит – үй жануары, сүт қоректі, қасқыр тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      2) мысық – үй жануары, сүт қоректі, мысық тектес жануарлар, көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан;
      3) иесі – ит пен мысықтың асыраушысы, күтуші адам не болмаса иесінің келісімімен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
      4) иесіз жануар – тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
      5) иттер мен мысықтарды серуенге шығару – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі

      5. Иттерді үш айлық мерзімінен бастап, ал мысықтарды екі айлық мерзімінен бастап иелері "Приозерск қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркеуге міндетті.
      6. Әрбір тіркеуден өткен үй жануарларына бірдейлендіру реттік саны беріледі, бұл реттік сан оның бүкіл өмір сүру кезеңіне сақталады. Ит пен мысықты тіркеу барысында иелерінің есебінен белгіленген үлгіге сәйкес ветеринарлық құжат беріледі.
      7. Тіркеу барысында жануарлар иелері осы Ережемен танысуға тиісті. Жануарлар иелерінің Ережемен танысқандығы тіркеу кітабына қол қойылумен рәсімделеді.
      8. Ит пен мысықты тіркеуден өткізу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі құжаттар мен мәліметтер беруі қажет: иесінің жеке басының төл құжаты, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, мекен–жайы, байланыс телефоны, ит пен мысықтың түрі, жынысы, лақап аты, туылған күні, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаты.
      9. Үй жануарына эвтаназия қолданылғанда немесе өліп қалған жағдайда ветеринарлық құжат пен жетон жануар бұрын тіркеу жүргізген мекемеге тапсырылады.
      10. Иелері жануардың шығыны (сатылу, жоғалу, өлу, басқа бір адамға тапсырылу) жағдайларында тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеуі үшін міндетті түрде тіркеуші мекемеге екі апта мерзімінде хабарлауы керек. Иелер тұрғылықты жерін ауыстырғанда үй жануарлары екі апта мерзімінде тіркеледі.
      11. Иттерді (үш айлық мерзімінен бастап) және (екі айлық мерзімінен бастап) мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, барлық көлік түрлерімен қала ішінде тасымалдау әрекеттері құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген уақыты белгіленген жануардың ветеринарлық құжаты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

3. Иттер мен мысықтарды ұстау

      12. Иттер мен мысықтардың иелеріне рұқсат етіледі:
      1) ветеринарлық – санитариялық, гигиеналық талап ету нормасына сәйкес ит және мысықты ұстау міндетін сақтау;
      2) мал дәрігерлік және санитарлық – эпидемиологиялық қызметтердің рұқсатымен зообұрыштарда, сауықтыру мекемелерінде иттер мен мысықтарды ұстауға;
      3) иттер мен мысықтарды байлауда және қоршалған, оңашаланған аумақтарда еркін қыдыртуға;
      4) мекемелер мен ұйымдарға күзетші иттерді тек қана байлауда ұстауға;
      5) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып мал отарларында және табындарда, оқу – жаттықтыру алаңдарында иттерді тұмсық торсыз және байлаусыз ұстауға;
      6) иттерді тұмылдырықпен (декоративті түрінен басқа) және қысқа мойын жіппен (1,5 метрге дейін), экскременттерін жинауға арналған ыдыспен және қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірілмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады;
      7) иттердің иелері серуендету кезінде 23.00 мен 07.00 сағат аралығында тыныштықты сақтауға міндетті;
      8) тұмсық тормен және қысқа қарғы баумен арнайы белгіленген жерлерге, бос жерлерге қыдыртуға. Қыдырту орындарын Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі белгілейді;
      9) адамдардың қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз ете отырып көлік түріне тиісті тәртіпке сәйкес иттер мен мысықтарды қоғамдық көліктерде алып жүруге;
      10) көршілерінің медициналық жақпайтын көрсеткіші болмаса және олардың келісімімен, туысқандық қарым қатынасы жоқ, екі және одан артық отбасылары (жанұялар) тұратын тұрғын үйлерде соның ішінде пәтерлерде иттер ұстауға.
      13. Жол берілмейді:
      1) егерде иттер мен мысықтар үйлердің жабық кіріс жолын (подъездің) және екі сатының арасын, лифттерді, сол сияқты спорт, балалар алаңдарын, газондарды, көшенің жаяу адамдар жүретін бөлігін (тратуарларды), серуен құру, тынығу мақсатымен табиғи немесе қолдан орнатылған жасыл желекті демалыс орындарында (парктерде) нәжістерін қалдырса, оны иелері тазартуға тиіс;
      2) мал дәрігерлік қызметінің рұқсатынсыз иттер төбелесін өткізуге;
      3) жалпы пайдаланымдағы жерлер мен сая бақтағы, спорт ойыны үшін істелген арнаулы алаңдарды, парктерді, жағалауларды торсыз және қысқа қарғы баусыз пайдалануға;
      4) кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі тұлғалардың ірі иттерді қыдыртуына;
      5) су қоймаларында иттер мен мысықтарды шомылдыруға;
      6) қоғамдық тамақтандыру және азық – түлік сатылатын нысандарда ит пен мысықтарды ұстауға.
      14. Қоғамдық жерлерде (көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлулы тұрғандарынан басқа ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз жүргендер болып саналады және қараусыз жүрген иттер мен мысықтар аулайтын және олардың өлекселерін жинайтын арнайы қызметтер мен аулануға жатады.
      15. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдарымен аулаудың жағдайлары реттелген келісім – шарт жасаған коммуналдық – шаруашылық кәсіпорындар тарапынан жүзеге асады. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын ұйымға жүктеледі.
      16. Тұрғындарға, кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға тиесілі иттердің барлық түрлері үш айлық мерзімнен бастап, құтырма ауруына және эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес лептоспироз, микроспория ауруларына қарсы міндетті түрде егілуі және гельминттердің болмауына тексерілуге тиіс немесе профилактикалық алдын–алу шаралары қолданылуы тиіс.
      17. Мысықтар туылғаннан екі айлық мерзімнен бастап адамдар мен жануарларға бірдей жұқпалы ауруларға, эпизоотиялық көрсеткіштерге сәйкес микроспорияға қарсы егілуге, гельминттердің болмауына тексерілуге міндетті.
      18. Иттің иесі ретінде (иелердің ерекше жауапкершілігін қажет ететін иттердің түрлерінен басқа) 14 жасқа толған, ата – анасының жазбаша рұқсаты бар (итті өз атына тіркеу үшін) тұлға болуы керек.
      19. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, міндетті түрде жануарды ұстауға жауапты адамды тағайындауға міндетті.
      20. Ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды бақылау үшін, диагностикалық зерттеу және емдеу, алдын – алу шараларын жүргізу үшін бөгетсіз берілуі керек.
      21. Иттер мен мысықтарға бекітілген мерзімде міндетті ветеринарлық іс-шаралар өткізу, карантиндік тәртіп сақтау, жұқпалы ауруларды жою бойынша іс-шаралар өткізу.
      22. Иттер мен мысықтарды ұстауға санитарлық – гигиеналық, зоогигиеналық талаптарды және осы Ереженi сақтаған жағдайда қамтамасыз ету:
      бiр ғана отбасынан тұратын тұрғын үй-жайларда;
      бiрнеше от басынан тұратын тұрғын үй-жайларда, тек өзiне тиесiлi аумағында ұстауға (пәтер тұрғындарының жазбаша келiсiмiмен);
      мекемелерде, ұйымдарда, бақ шаруашылықтары коммерциялық емес бiрлестiктерде және демалыс орындарында иттердi байлаулы түрде немесе торда, яғни қоршаған ортаға, адамдарға қауiпсiздiк келтiрмейтiн және тыныштық сақталған жағдайда ұсталады.
      23. Қаладағы көп қабатты, көп пәтерлi тұрғын үйдегi бiр отбасына саны екiден көп емес үлкен және орта мөлшердегi ересек иттер мен үш мысықты, үш айлық мерзiмге дейiнгi күшiктердi ұстауға болады. Үш айдан асқан күшiктер мен мысықтар жаңа иелерiне берiлуi немесе қараусыз иттер мен мысықтарды ұстаумен және аулаумен айналысатын мекемелерге тапсыруға тиіс.
      24. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын (ас әзiрлеуге арналған бөлмелерде, кiреберiстерде, баспалдақ алаңдарында, үйдiң шатырында, жертөлелерде, балконда және басқа да қосалқы үй-жайларда) орындарда және үй маңында (жеке тұрғын үй аумағынан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәлiздерiнде ұстауға болмайды.
      25. Қонақ үйлерде, қонақ үй әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен және санитарлық-гигиеналық жағдайларды сақтаған жағдайда иелерi итiмен немесе мысығымен бiрге тұрақтай алады.
      26. Иттер мен мысықтарды жекелеген тұрғын үй қорында, ғимараттарда, және оларға тиесiлi аумақтарда жердiң заңды иегерiнiң рұқсатымен немесе басқа да өкiлеттi тұлғаның келiсiмiмен ұстауға болады. Иттер жақсылап қоршалған, яғни қашып кете алмайтындай, адамдарға не болмаса басқа жануарларға шабуылдамауына, ыңғайлап жасалынған аумақта ұсталуы тиiс. Осы аумақта үлкен немесе орташа иттiң барлығы жөнiнде кiреберiсте 20 х 30 сантиметр көлемiндегi, иттiң суретi бар "Ит күзетедi! Охраняется собакой!" ескертуі қойылуы шарт.
      27. Жеке тұрғын үйлер қорында гигиеналық–санитарлық және зоогигиеналық талаптар сақталған жағдайда ғана саны екiден көп иттердi ұстауға болады.
      28. Тiркелген иттер мен мысықтар иесiнiң меншiгi болып табылады және кез-келген меншiк ретiнде заңмен қорғалады.
      29. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген ит немесе мысық аурулар түрiмен ауырған деп танылса, аумақтың мемлекеттiк ветеринарлық инспектордың шешiмiмен, немесе соттың шешiмiмен иесiнен алынып, жойылуы мүмкiн. Егер де ит ауру емес деп танылса, онда ол иесiне қайтарылуы тиiс.

4. Ереженiң сақталуын бақылау

      30. Приозерск қаласында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерiнiң тұрғындар, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өкiлеттiлiк берген мемлекеттiк орган Қарағанды облысы ІІД 4-ші ішкі істер бөлімі жүзеге асырады.

5. Осы Ережені бұзғандары үшiн жауапкершiлiгi

      31. Осы Ережені бұзғаны үшін жануар иесі Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 311 бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады