Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылын Дүр Оңғар есімімен қайта атау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облыстық мәслихатының және Қызылорда облысы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 717/218 бірлескен шешімі және қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 07 мамырда N 4249 тіркелді

      Ескерту. Қаулы мен шешім жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 10.07.2013 N 188 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 10.07.2013 N 112 шешімімен (қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қармақшы ауданындағы Жаңажол ауылы Дүр Оңғар есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі                   Б. Қуандықов

      Қызылорда облыстық мәслихатының
      ХХVІ сессиясының төрағасы                   Ә. Айымбетов

      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы                        Н. Құдайбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады