Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қалалық мәслихатының 2012.03.29 N 3/5 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес IV шақырылған Қызылорда қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2009 жылғы 13 шілдедегі N 20/4 (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылдың 30 шілдесінде 10-1-115 нөмірімен тіркелген, қалалық "Ақмешіт ақшамы" газетінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 59 (652) және "Кызылорда таймс" газетінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 32 (979) шығарылымдарында) "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы Қағидасының" 3 бөлімінің 9 бөлігіндегі "Әлеуметтік көмекке арналған қаражаттар әлеуметтік көмекті алушылардың жеке шоттарына Казпошта байланыс бөлімшелері арқылы аударылады" деген сөздер "Әлеуметтік көмекке арналған қаражаттар әлеуметтік көмекті алушылардың таңдауы бойынша жеке шотына немесе банктердегі карт – шотына аудару жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХХVІІІ
сессиясының төрағасы И. МҰСАБАЕВ
Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ