Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXVIII сессиясының 2010 жылғы 3 наурыздағы 28/1 шешіміне сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан
соғысында қаза тапқан (қаза болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына 50 000 (елу мың) теңгеден бір жолғы көмек көрсетуге және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қаза болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған
азаматтарға коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін 2010 жылғы
1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығында әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚАЛА ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ