РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдары, Қызылорда қалалық ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 4/1 ұйғарымы негізінде, ШЕШЕМІН:
1. Тасбөгет кентіндегі Қызылжарма көшесін – Ермекбай Ертуғанов есімімен, Сәулетшілер көшесін – Исмайлов Қазыбай есімімен, Қызылжарма тұйығы - Уразбаев Әбіл есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалау кент әкімі аппаратының бас маманы А.Таспановаға жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Әкім Ә. Құтмамбетов