Абай ауылындағы Жақыпбек Маханбетов көшесі қиылысынан Юрий Гагарин көшесіне дейінгі тұйық көшені ауылшаруашылық маманы Ұлы Отан соғысының ардагері Едербаев Асқар Есімімен қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы Қосшынырау ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 67 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылы 30 қыркүйекте N 10-1-149 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы" туралы N 2572-ХІІ санды Заңын басшылыққа ала отырып және қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 20 шілдедегі N 6/3 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы Жақыпбек Махамбетов көшесі қиылысынан Юрий Гагарин көшесіне дейінгі тұйық көше ауылшаруашылық маманы Ұлы Отан соғысының ардагері Едербаев Асқар есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бас маман Ұ. Кушенбаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Әкім                                    С.Дүйсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады