Арал қаласындағы жаңадан ашылатын көшелерге атау беру және жекеленген көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы мәслихатының 2010 жылғы 02 шілдедегі N 165 шешімі және Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 02 шілдедегі N 88 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 02 тамызда N 10-3-161

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасын және тиісті аумақ халқының пікірлерін, аудандық ономастикалық комиссияның қабылдаған ұйғарымын ескере отырып аудандық мәслихат ШЕШІМ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арал қаласындағы:
      1) Арай мөлтек ауданынан жаңадан ашылатын екі көшеге: Құл батыр Қартайұлының және Күләш Бисенованың есімдерін беру жөніндегі;
      2) "Лермонтов" көшесінің атын өзгертіп-Әли Бердалиевтің; "Қазақ" көшесіне-Набат Маханованың; "Строительная" көшесіне -Қожақ Жақсыбаевтың; "8 март" көшесіне-Бодаш Уәлиевтің есімдерін беру жөніндегі ұсыныстар мақұлдансын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      жиырма алтыншы сессиясының төрағасы                 А. Асанбаев

      Аудан әкімі                                         Н. Мұсабаев

      Аудан мәслихатының хатшысы                          Ә. Әуезов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады