"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 19 сәуірдегі N 1 ұйғарымына сәйкес және жергілікті халықтың пікірін ескере отырып, Қызылжар ауылындағы көшелерге атау беру мақсатында ШЕШЕМІН:
1. Қызылжар ауылындағы бірінші көшеге Берекет Омаров, екінші көшеге Тайыш Нүралиев, үшінші көшеге Темірхан Ерғалиев атауы берілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Райым ауылдық округінің әкімі У. Карауымбетов