Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы N 70 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 тамыздағы N 106 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 05 қазанда N 10-3-169 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 38 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.04.06 N 38 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңын басшылыққа ала отырып, Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 70 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 1 наурызда N 10-3-138 нөмірімен тіркелген) ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 мамырдағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 70 қаулысына төмендегідей негізде ішінара өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      1) қаулының N 1 қосымшасындағы "Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Нұсқаулықтың 2-бөлігінің 9-тармағындағы және 3-бөліктің 3-тармағындағы міндетті - деген сөз тіркестері алынып тасталып, орнына сұралсын деген сөздермен толықтырылсын.
      2) қаулының N 2 қосымшасындағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Нұсқаулықтың 1-тармағы төмендегідей жаңа редакцияда жазылсын.
      "жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлығын талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметінің түрлері әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны деп көрсетіледі -деген сөздермен ауыстырылып оқылсын".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары К. Данабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі                               Н. МҰСАБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады