Әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 04 мамырдағы N 70 қаулысы. Қызылорда облысының әділет департаментінің Арал аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 19 мамырда N 10-3-138 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 06 сәуірдегі N 38 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.04.06 N 38 Қаулысымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына және Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 қаулысының 1, 5 тармағына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты игеруді жүзеге асыру мақсатында Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Нұсқаулық N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Нұсқаулық N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Аяпов):
      1) Әлеуметтік жұмыс орындарымен қолданыстағы Заңнамаға сәйкес  еңбек шарты арқылы белгіленген нысаналы топтарды әлеуметтік жұмыс орындарымен қамту тапсырылсын;
      2) Халықты жұмыспен қамтуға ықпал етудің тиімді саясатын қамтамасыз етсін, халықтың нысаналы топтарын қолдау үшін қосымша шаралар қарастырсын;
      3) Осы қаулының орындалу барысы туралы ай сайын келесі айдың   5-нен кешіктірмей аудан әкімдігіне және Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ақпаратты уақытылы беру тапсырылсын.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Раймбетовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ                          Н.Мұсабаев

Арал ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы
4 мамырдағы N 70
қаулысымен бекітілген
N 1 қосымша

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқаулық "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына және  республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты игеруді жүзеге асыру мақсатында сәйкес, арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін, еңбек тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімдігінің 2010.02.08 N 17 Қаулысымен. 

1. Жалпы ережесі

      
      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай, жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесін өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай-жұмыс беруші)
      4. Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне жүзеге асыруды қаржыландыру республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
      5. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      
      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) жұмыссыз азаматтардың саны, кәсіби оқу орындарын бітірушілердің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы.
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастардың санының өсуі.
      3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін, кәсіби оқу орындарын бітірушілердің біліктілігінің, еңбек өтілінің болмауы.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңейуі жөніндегі мәліметтерді жинап жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      4. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      5. Үміткерлерді іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі:
      1) үміткерлердің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз есебінде тіркелуі.
      2) іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар 12 ай ішінде осы тәжірибе басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі.
      7. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен белгіленген үлгіде  еңбек шартын жасайды. Еңбек шартында қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Ең жоғарғы мерзімі 6 айға жасалынады.
      8. Еңбек шарты негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен, жұмыс берушіге белгіленген тәртіппен жолдама береді.
      9. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігін уәкілетті органға қайтаруға сұралсын.
      Ескерту. 9 тармағына өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы  Арал ауданы әкімдігінің 2010.08.26 N 106 Қаулысымен.
      10. Жастар тәжірибесіне қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасап, жұмысқа қабылдағаны жөнінде бұйрық береді.
      11. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған еңбек шартты немесе жұмысқа қабылданған бұйрықтың көшірмесін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.

3. Тараптардың құқығы мен міндеті

      
      1. Егер еңбек шартының міндеттерінің орындалуы бұзылған жағдайда жастар тәжірибесі жағының ұсынысымен еңбек шарты Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұзылады. Еңбек шарт бұзылған үш күн ішінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне еңбек шартының бұзылғаны жөнінде хабар береді.
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушімен еңбек шартын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуына болады.
      3. Еңбек шарттың уақыты біткен жағдайда, жұмыс беруші аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда бұйрықтың көшірмесін беруге сұралсын.
      Ескерту. 3 тармағына өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы  Арал ауданы әкімдігінің 2010.08.26 N 106 Қаулысымен.
      4. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны еңбек шарттың уақытының бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылдай алады. Жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдайды.
      5. Еңбек шарттың уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс атқарған уақытында жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.

4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      
      1. Жастар тәжірибесін өткізу республикалық бюджеттен "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру" бағдарламасы арқылы төленеді.
      2. Жұмыс орнына мамандығы бойынша рұқсат беруге қосымша кәсіби даярлау "Жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа оқыту" бағдарламасы арқылы төленеді.
      3. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақысын төлеу еңбек шартына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі арқылы республика бюджетінен бөлінген қаражат есебінен жастар практикасына қатысушыға тиісті есептеулерге сәйкес бөлінген қаражат шегінде төленеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімдігінің 2010.02.08 N 17 Қаулысымен.
      4. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.
      5. Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен атқарған жұмысының көлеміне, сапасына, күрделілігіне байланысты қосымша еңбекақыны Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген ең төменгі жалақы көлемінен кем емес мөлшерде төлей алады.

Арал ауданы
әкімдігінің 2009 жылғы
4 мамырдағы N 70
қаулысымен бекітілген
N 2 қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы НҰСҚАУЛЫҚ

      Осы нұсқаулық "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысына және республикалық бюджеттен бөлінген қаржыны мақсатты игеруді жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгіленген нысаналы топқа жататын азаматтар тобын алты ай мерзімге дейін әлеуметтік жұмыс орындарына тарту үшін әзірленген.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімдігінің 2010.02.08 N 17 Қаулысымен.      

1. Жалпы ережесі

      1. Жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны деп көрсетіледі.
      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы  Арал ауданы әкімдігінің 2010.08.26 N 106 Қаулысымен.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады.
      3. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына олардың келiсiмiмен жiбередi.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және
қаржыландыру

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын мекеме, кәсіпорындарда (меншік нысанына қарамастан) жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және бюджеттен қаралған қаражаттың шегінде жұмыс берушінің 50 пайыздық төлемін ескере отырып олардың өтінімдері бойынша қаржыландырылады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал қаласы әкімдігінің 2010.02.08 N 17 Қаулысы.
      2. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен жұмыс берушi арасында әлеуметтік жұмыс орындарын орындауға арналған еңбек шарт жасалынады.
      3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жiберудi жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган тiркелу күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырады.
      4. Жұмыс берушi мен әлеуметтік жұмыс орындарына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек туралы заңнамаға сәйкес еңбек шарты жасалады.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысуды дәлелсiз себептермен, өз бетiнше тоқтатқан жұмыссыздар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органда қайтадан тiркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейiн ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жiберiлуi мүмкiн.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқаны үшiн жұмыссыздарға есептелген жалақыға заңнамада белгiленген тәртiппен салық салынады.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысушы жұмыссыздарға уақытша жұмысқа жарамсыздығы, жарақаттануынан немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан келтiрiлген зиянды өтеу жөнiндегi әлеуметтiк жәрдемақы төлеудi қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жұмыс берушi жүргiзедi.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландырудың тәртібін бақылау

       1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртiбiн бақылауды мемлекеттiк органдар заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады