Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011.03.14 N 208 Шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 5 наурыздағы кезекті жиырма үшінші сессиясының "Аудандағы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің қағидасын бекіту туралы" N 147 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 10-3-155 номерімен 09.04.2010 ж. тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 21.04.2010 ж. N 31 шығарылымында жарияланған) төмендегідей мәтінде толықтыру енгізілсін:
"3.1. тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі от жағатын қысқы мезгіл уақытында 10 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленсін".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті
жиырма тоғызыншы сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Әуезов