Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2012.11.14 N 355 Қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауданда халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасын ұйымдастыру туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 73 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 10-4-98 нөмірімен тіркелген, "Тұран Қазалы" газетінің 2009 жылғы 30 мамырдағы 43 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының кіріспесінде "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына (Жол картасы) сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулының 1-тармағындағы "1-қосымшаға" және "2-қосымшаға сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген ауданда халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі қағиданың және жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі қағиданың 1-тармақтарындағы "және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 Қаулысымен бекітілген Мемлекет Басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан
халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарына (Жол картасы)" деген сөздер алынып тасталсын;
аталған қаулымен бекітілген ауданда халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі қағиданың 10, 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын жұмыс беруші жасалған еңбек шарты негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдайды, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді және уәкілетті органға ай сайын жұмыс уақытын есепке алу табелін тапсырады".
"11. Әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы әлеуметтік топтардың жұмыс істеуі үшін 6 айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеушілерге орташа айлық аударымы тиісті бюджеттен қаралған қаражаттың шегінде жұмыс берушінің 50 пайыздық салымын ескере отырып төленеді".
аталған қаулымен бекітілген жастар практикасын ұйымдастыру жөніндегі қағиданың 15-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Жастар практикасын өткізу тиісті бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылады және жастар практикасына қатысушыға тиісті есептеулерге сәйкес бөлінген қаражаттар шегінде төленеді".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
АУДАН ӘКІМІ А. КӨШЕРБАЙ