Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі XVII сессиясының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы" N 151 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қаңтардағы N 182 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 04 наурыздағы N 10-4-113 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы N 356 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012.12.11 N 356 хатымен).

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 3 тармағының 4 тармақшасын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 28 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 30 қыркүйектегі ХҮІІ "Ауылдық елдi мекендерде жұмыс істейтiн және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшiн әлеуметтік көмек беру Қағидасын бекіту туралы" N 151 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылы 3 қарашада N 10-4-103 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" газетінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 92 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған шешімнің атауы мен 1 тармағындағы және Қағиданың атауы мен 13 тармақтарындағы "мемлекеттік", "ұйымдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      Қағиданың 7 тармағындағы "Егер бір отбасында тұратын бірнеше адамның әлеуметтік көмекті алуға құқы бар болса, онда әлеуметтік көмек отбасының бір ғана мүшесіне тағайындалады" деген сөздер "Әлеуметтік көмек алушылардың отбасында бірнеше мүшесінің әлеуметтік көмекке құқы бар болған жағдайда көмек отбасының әрбір мүшесіне беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен
      тыс ХХІІІ сессиясының төрағасы,
      аудандық Мәслихат хатшысы                        Т. Бөріқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады