Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс XXIV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы ауданы мәслихатының 2010 жылғы 07 шілдедегі N 214 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қазалы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 13 тамызда N 10-4-124 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 11 желтоқсандағы N 356 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2012.12.11 N 356 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2010 жылғы 26 ақпандағы кезектен тыс ХХІV сессиясының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" N 194 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 8 сәуірде N 10-4-117 нөмірімен тіркелген, аймақтық "Тұран Қазалы" газетінің 2010 жылғы 17 сәуірдегі N 29 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 16 тармағының 1 тармақшасындағы "электр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағат, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағат" деген сөздер "электр қуаты 1 айға 1 адамға 70 квт/сағ, 2 адамға 140 квт/сағ, 3 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 210 квт/сағат" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың
      ХХVІІ сессиясының төрағасы                      Ө. Түктібай

      Аудандық Мәслихат хатшысы                       Т. Бөріқұлақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады