Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.02.04 N 52 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Көшербай
Қазалы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
N 215 қаулысымен бекітілген
Тұрмысы төмен отбасылардың ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек көрсетудің қағидасы 1. Жалпы қағида
1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы қағида жергілікті өкілді органның шешімі бойынша аудандық бюджетте қаралған қаражат шегінде мұқтаж азаматтар санатындағы тұрмысы төмен отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
2. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы
3. Тұрмысы төмен отбасыларына ауыз суға жинақталған қарыздарын өтеу үшін берілетін біржолғы әлеуметтік көмекті "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) тағайындайды.
4. Уәкілетті орган кент, қала, ауылдық округ әкімдерінің жанынан құрылған тұрмысы төмен отбасылардың тұрмыстық жағдайын зерттейтін учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен бірге өтініштер қабылдайды, оларды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қарайды және біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган өтініш беруші мен оның отбасының материалдық жағдайын учаскелік комиссияның тексеруі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
3. Қаржыландыру және төлеу
6. Біржолғы әлеуметтік көмек "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек" 451007000332 бағдарламасына қаралған қаражат есебінен қаржыландырылады.
7. Біржолғы әлеуметтік көмекті алушылар "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесімен бірге);
3) ауыз суға қарызының анықтамасы;
4) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) тағайындалғандығы туралы куәлік (көшірмесімен бірге);
5) азаматтарды тіркеу кітабы (көшірмесімен бірге) немесе отбасы құрамы туралы анықтама;
6) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН) (көшірмесімен бірге).
8. Әлеуметтік көмекті алушыларға бөлінген қаражаттар алушылардың таңдауы бойынша банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдар арқылы төленеді.