Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2011.04.25 N 134 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында ауданда тіркелетін жылы
он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының
азаматтарын әскерге шақыру учаскесіне тіркеу "Қызылорда облысы Қазалы
ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
(Б.Шаймерденов, келісім бойынша) Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, N 88 үйде орналасқан ғимаратында өткізілсін.
2. Қазалы қаласы, Әйтеке би кенті, ауылдық округ әкімдерінен,
"Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінен және мүдделі ұйымдардың басшыларынан әскери есепке тіркеуге жататын азаматтарды "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне шақырылғаны туралы хабардар ету және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету сұралсын.
3. "Қызылорда облысының Ішкі істер Департаменті Қазалы
ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (К.Утеев, келісім
бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру мен ұстауды және азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу кезінде
қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің Қазалы ауданы бойынша өкілі К.Азировтен (келісім бойынша) әскерге шақыру учаскесіне қажетті құралдармен,
дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлікпен, сондай-ақ
тіркелуге тиіс азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізу үшін
дәрігер-мамандармен және медбикелермен қамтамасыз ету сұралсын.
5. "Қызылорда облысы Қазалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Шаймерденов, келісім бойынша) 2011 жылдың 10 сәуіріне атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы аудан әкіміне анықтама ұсынсын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Т.Жүсіповке жүктелсін.
7. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Көшербай
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің Қазалы
ауданы бойынша өкілі
К. Азиров_______________________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысы Қазалы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б. Шаймерденов__________________
КЕЛІСІЛДІ
"Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазалы ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы К. Утеев_________________