Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2011.08.17 N 74 қаулысымен.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Қалиевқа жүктелсін.
3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы "Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің 2010 жылға арналған есеп айырысу мөлшерлемесін бекіту туралы" N 740 қаулысы жойылсын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
"17" ақпан N 798 қаулысымен
бекітілген қосымша
Аудандық коммуналдық меншікті мүліктік жалдауға (жалға) берудің есеп айырысу мөлшері мен коэффициенттер
1. Бір жылға, 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі - 1,5 еселенген айлық есептік көрсеткіш (АЕК)
2. Аудандық коммуналдық меншіктегі тұрғын үй емес қордың объектілерін кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға берудегі жалдау ақысын есептеу кезінде төмендегі коэффициенттер қолданылады:
р/с | Қолданылатын коэффициенттер түрі | Коэффициент-тер мөлшері |
---|---|---|
1. | Құрылыстың тұрпатын ескеретін коэффициент |
|
кеңселік |
1,0 |
|
өндірістік |
0.8 |
|
Қоймалық, буқазандық |
0,6 |
|
Басқалары үшін: |
0.9 |
|
2. | Тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент. |
|
Бөлек тұрған: |
1,0 |
|
Кірістірме-жапсарлас бөлігі: |
0,9 |
|
Цокольдік(жартылай өжіре) бөлігі: |
0,8 |
|
Өжіре бөлігі |
0.7 |
|
3. | Жайдың жайлылық денгейін ескеретін коэффициент (КЖ): |
|
Барлық инженерлік-техникалық коммуникациямен жабдықталған жай үшін коммуникацияның қандай бір түрі жоқ болған жағдайда әрбір түрі үшін 0,1 азаяды. |
1,0 |
|
4. | Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент: |
|
Аудан орталығы үшін |
||
Аудан орталығының шет аймағы үшін: |
||
Аудан орталығы емес қыстақтар, ауылдар үшін: |
||
5. | Жалға алушының қызмет түрін ескертетін коэффициент |
|
Банктердің "Казпошта" АҚ есеп айрысу-кассалары үшін: |
2,0 |
|
Брокерлік және кедендік қызметтер, айырбастау пунктері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық және адвокаттық кеңселер үшін: |
3,0 |
|
Қоғамдық тамақтандыру, сауда, қонақ үйі қызметтерін ұйымдастыру үшін: |
2,5 |
|
Мына салаларда қызмет ұйымдастыру үшін: |
||
жоғары білім беру |
1,1 |
|
орта білім беру |
0,9 |
|
мектепке дейін білім беру |
0,8 |
|
Орта және арнаулы орта білім беру орындарында, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында тамақтандыру қызметін ұйымдастыру үшін: |
0,9 |
|
6. | Жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент |
|
мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін: |
1,3 |
|
сауда-сатып алу(делдалдық) қызметтерді санамағанда өндірістік және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін: |
1,2 |
|
Жеке кәсіпкерлер үшін: |
1,1 |
|
Акцияларының (қатысу үлестері) елу және одан астам пайызы немесе бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан 90 пайыздан кем емес табыс түсіретін акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін: |
0,8 |
|
Мемлекеттік кәсіпорындар үшін: |
0,7 |
|
Республикалық мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық, қоғамдық және коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
3. Жабдықтар, машиналар және басқа да техникалар түріндегі негізгі қорлар үшін жалға алу төлемі негізгі қорларының құнын жылдық индекстеуін ескере отырып қалдық құнының 10% мөлшері болып белгіленсін.
4. Инфляция коэффициенті тұтыну бағасы индексіне сәйкес жылда өзгереді.
Ескертпе:
1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік тұрғын үй емес қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жылдық жалдау ақысын есептеу төмендегідей жүзеге асырылады:
Жа=Еа х А х Ктұр х К түр х Кж х Ка х Кқ х Кұк
Бұл жерде:
Жа - жалға алынған алаңның жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі;
Еа - 1 шаршы метрге жылдық жалдау акысының есеп айырысу мөлшерлемесі, теңгемен;
А - жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Ктұр - жайдың тұрпатын ескеретін коэффициент;
Ктүр - тұрғын үй емес жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кж - жайдың жайлылық деңгейін ескеретін коэффициент;
Ка - аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Кқ - жалға алушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Кұқ - жалға алушының ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
2. Жабдықтар және автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде жалдау ақысы мына формула бойынша есептеледі:
Жа=Қк х Nаm /100 х Кт
Бұл жерде:
Жа - жабдықтар және көлік құралдарына жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Ққ - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
Есептелген тозуы 100 пайыз болған жабдықтар және көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) берген кезде, олардың қалдық құны алғашқы құнынан (қалпына келтірілген) 10 пайыз мөлшерде алынады;
Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдарының тозу құны алпыс пайыздан асқан кезде - 0,8 мөлшерде, сауда - сатып алу (делдалдық) қызметтерді санамағанда, өндірістік қызмет және халыққа қызмет көрсету саласын ұйымдастырған шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне берген кезде - 0,5).