Қармақшы ауданы аумағында абаттандыру, көркейту, санитарлық тазарту мен тазалықты қамтамасыз ету жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 171 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 04 мамырда N 10-5-134 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 187 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.06.24 N 187 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданы аумағында абаттандыру, көркейту, санитарлық тазарту мен тазалықты қамтамасыз ету жөніндегі Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      24-сессия төрағасы                               Ә.Дәуленбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                        М.Ерманов

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы "30" наурыздағы
кезекті 24-сессиясының
N 171 шешіміне қосымша

Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау жөніндегі ЕРЕЖЕ

      Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау ережелері (әрі қарай мәтін бойынша - Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс әрекеті туралы" Заңдарына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.
      Ережелер көркейту, санитарлық тазалау, аумақ тазалығын сақтау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін қорғау ортасында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді, Қармақшы ауданының аумағында қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және жою тәртібін анықтап жеке меншік нысанына қарамастан, азаматтығына, жалға алушылар, құрылысшылар, ғимараттар, имараттар мен құрылыстар иелеріне қарамастан барлық шаруашылық субъектілеріне тиісті.

1. Негізгі ұғымдар мен түсініктер

      1. Көркейту - адамның аудан аумағында қауіпсіз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететін элементтері мен жұмыс кешені. Бұл жұмыс кешені көркейтудің нысаналары мен элементтерін ұйымдастыру, күтіп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесі негізгі бағыттар бойынша қамтиды:
      1) инженерлік көркейту;
      2) сыртқы-әсемдік көркейту;
      3) санитарлық көркейту;
      4) көгалдандыру.
      2. Бөлінген аумақ - жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншігіне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысаналарды (ғимараттар, имараттар, құрылыстар) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
      3. Бекітілген аумақ - оған қызмет көрсету үшін пайдаланатын немесе күзетілетін аймақ болып табылатын, бөлінген аумаққа қосып берілген жер учаскесі.
      4. Жасыл желектер - аудандық аумағының оларға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелерінде (бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гүлзарлар, газондар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
      5. Жер пайдаланушы - меншік нысандарына қарамастан, мақсатты пайдалануына сәйкес жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      6. Инженерлік желілер және имараттар - ауданның селолары мен кенттер аумағының бетіндегі суларды жинау және бұру үшін, қала халқы мен кәсіпорындарының мұқтаждарына кешенді қызмет көрсету үшін арналған селолар мен кенттер инженерлік көріктенуінің маңызды элементтері.
      7. Құрылыс салынбаған аумақ - негізгі жобалау нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрлері жоқ аумақ.
      8. Қоғамдық орындар - жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары (парктер, жаңа жайлар, саябақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
      9. Көше - жолдың жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан аумақ.
      10. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар - мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар; іске асыру сипатындағы құрылғылар - демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      11. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      12. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдың құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      13. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі - қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген қалдықтар.
      14. Коммуналдық қалдықтар - елді мекендерде пайда болатын тұтынудың қалдықтары, соның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде, тағы да оларға пайда болу сипатында және құрамы бойынша жақын өндірістік қалдықтар.
      15. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған коммуналдық қалдықтарды, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.

2. Жалпы ережелер

      16. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды тұлғалар және азаматтар көркейтудің ережесін ұстануға, қала аумағында тазалықты және тәртіпті қамтамасыз етуге, ғимараттар мен имараттарды оңды жағдайда ұстауға міндетті.
      17. Тұрғын үй, қызметтік, өндірістік және әкімшілік ғимараттар мен имараттардың иелері көшелердің көрсеткіштері мен нөмірлік белгілерін оңды жағдайда күтіп ұстауға міндетті.
      18. Меншіктің барлық нысандарындағы заңды тұлғалардың ғимаратқа кіре берісінде мемлекеттік және орыс тілдерінде заңды тұлғаның атауы болуы және олардың тиісті жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
      19. Әрбір меншік субъектісімен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргізіледі:
      ұзынынан - иеліктегі үй аумағының бойына, көлденеңінен - иеліктегі үйден жол кездемесіне дейін.
      20. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
      8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.
      21. Кәсіпорындар, ұйымдар басшылары, меншік нысанына қарамастан, жеке көліктің жүргізушілері жол жүру қауіпсіздігін, жолдардың және ондағы имараттардың сақталуын қамтамасыз ететін жағдайда, транспорт құралдарын пайдалануға, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге міндетті.
      22. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын кезең-кезеңмен тазалауын өткізу үшін бірыңғай санитарлық күн болып, әр аптаның жұма күні анықталсын.
      23. Қоғамдық орындар мен бекітілмеген аумақтарды тазалауды ұйымдастыруды - кент, ауылдық округі әкімдері жүзеге асырады.
      24. Әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттарында, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлігі тұрағының орындары жабдықталуы қажет.
      Белгіленбеген орындарда хабарландыруларды, афишаларды, үгіттік баспа материалдардың, хабарламалар мен басқа да визуалдық ақпаратты орналастыру, жапсыру, үгіттік баспа материалдарын шашуға жол берілмейді.
      25. Автокөліктік құралдарды жөндеу арнайы жабдықталған орындарда жүзеге асырылуы қажет.
      26. Үй құстары бұл мақсаттарға арналған арнайы құрылғыларда, ал бағу үшін - арнайы торларда болуы қажет.
      27. Үй жануарларының иелері малдардың байлауда немесе елді мекеннен тыс орнатылған орындарда малшының қадағалауымен бағылуын қамтамасыз етулері тиіс.
      28. Үй малдарын елді мекендердің жол-көшелерінің желілері бойынша айдағанда мал иелері малдарды ұстау орнынан бағу орнына дейін бірге баруға және айдаған кезеңде малдың қиын жинауға тиісті.
      29. Мал мен құстарды елді мекендердің аумағында, жеке тұрғын үйлердің қоршалған аумақтарын есепке алмағанда бос бағуға тыйым салынады.

3. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу

      30. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы рәсімдердің орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
      31. Көрсетілген жұмыстарды машина мен механизмдерді жұмылдырып, технологиялық талаптарға сәйкес атқарады.
      32. Құрылысты бөлшектегеннен немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.

4. Аудан аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      33. Жеке және заңды тұлғалар шаруашылық әрекет нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтарының иелері болып табылады, қоқыстардың пайда болған уақытынан олармен қауіпсіз қолданылуды қамтамасыз етіп оларды жою, зарасыздандыру және қауіпсіз
жою бойынша шараларды орындайды.
      Қалдықтарды орналастыру және жою белгіленген арнайы орындарда жасалады:
      Қалдықтардың меншік иелері өндіріс қалдықтарын ақырындап қысқарту және өндіріс үрдістерін жетілдіру жолын тұтыну арқылы, қалдықтарды қайта қолданылу және қалдықтарды қолданылуға мүдделі тұлғаларға беру бойынша шаралар қолданылуы тиіс.
      Қоқыстардың меншік иесі қалдықтарды жинау, орналастыру жою бойынша орындайтын шараларды орындайтын субъект қызметтерін немесе орталықтандырылған қоқыстарды жинау барлық түрлерімен қолданыла алады.
      Жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын және (немесе) олардың жөндеуін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қоқысты жоюға шарт жасауға, оны өздері шығаруы немесе қоқыс шығаратын кәсіпорындармен шарт жасау керек.
      34. Қалдықтарды қолданылған кезде төмендегі әрекеттерге жол берілмейді:
      1) қалдықтарды апатты үйінділерде бақылаусыз орналастыру;
      2) коммуналдық қалдықтарды жон-жосықсыз өрттеу;
      3) қалдықтардың бір түрлерін басқа түрлерімен араластыру;
      4) құрылыс алаңдарында, үйінділер мен полигондарда құрылыс қоқыстарын араластыру,
      5) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз инертті қалдықтармен араластыру, сонымен бірге өндіріс, тасымалдау және орналастыру үрдісінде қауіпті қалдықтарды араластыру;
      6) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз және инертті қалдықтар полигонында орналастыру;
      7) қатты, қол өнеркәсіп қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орналастыру.
      35. Қалдықтардың меншік иелері өндіріс пен тұтыну қалдықтары және қауіпті қалдықтар, сонымен бірге қалдықтарды есепке алу және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті қалдықтардың сақталуының экологиялық талаптарын сақтауға тиісті.
      36. Сапаржайларда, базарларда, саябақтарда, аландарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек.
      Санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай қораптар толғаннан кейін тазаланады.
      37. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, бірақ кемінде аптасына бір рет орындалады.
      38. Жеке және заңды тұлғалар:
      1) бекітілген және бөлінген аумақтарда санитарлық қағидалармен анықталған қажетті санитарлық жағдайда ұстауы; теңгеріміне бекітілген немесе меншіктегі инженерлік жүйелер және олардың элементтері (құдықтар, люктер, торлар, жылулық пункттер трансформаторлық кіші станциясы);
      2) қалдықтарды сақтау және жинау үшін қатты жабындысы бар арнайы жабдықталған алаңдары болу;
      3) өндірістік, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды және қалдықтарды полигонда (қоқыс тастайтын жер) көмуді қамтамасыз етулері;
      4) елді мекен көшелеріне белгіленген аумақтардан тыс топырақты, құрылыс қоқысты шығару және ластанған көлік пен құрылыс механизмдердің шығуына жол бермеуімен, өзінің құрылыс алаңдарына және жабындысыз басқа объектілерге қажетті кіре беріс жолдарын ұстауын қамтамасыз етулері қажет.
      39. Қоршаған ортаға қауіп келтіретін жағдайларда аудан аумағында құрылыс материалдарды, заттарды, ыдыстарды, жабдықтарды үюге, отты жағуға, өндірістік қалдықтарды, қоқыстарды күйдіруге жол берілмейді.

5. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау

      40. Көшелерде және алаңдарда қарды, мұзды жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектілерімен оларға бекітілген аумақтарда жүргізіледі.
      Жасыл желектер өсетін орындарда жолдарды бөгеу, көшеттері бар газондарға қар салу, көшелерді,алаңдарды роторлық қар тазалағыш машиналармен тазалауға жол берілмейді.
      41. Шатырларды қардан тазалау және карниздердегі, шатырлардағы және су ағатын құбырлардағы қар бұлтықтарын алу ғимараттар мен имараттар иелерінің  және жалгерлердің өз күштері мен қаражаттарымен жүргізіледі, олар жаяу жүрушілермен бақытсыз жағдайды
болдырмау және ауа желілеріне, жарық шамдарына, жасыл желектерге зақым келтірмеу үшін сақтану шараларын міндетті түрде орындау қажет.
      Шатырдан тасталған қар жедел тасып шығарылуы қажет.
      42. Көшелермен аландармен жүру бөліктеріне, көпірлерге, жол қиылыстарына, көтерілетін және төмен түсетін жолдарға механикаландырылған құм төгу уәкілетті қызметтерімен
жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.
      43. Жеке және заңды тұлғалар бөлінген және бекітілген аумақтарында тайғанаққа қарсы шараларды (мұзбен қарды ою, тайғанақ жерлерде инертті немесе ұқсас материалдар төгу) қарастыруға тиіс.

6. Ауданның кент және ауылдық округінің аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі

      44. Жер асты коммуникацияларын салумен байланысты жұмыстарды жүргізуде жоспарлаушы барлық заңды және жеке тұлғалар төмендегідей әрекеттерді атқаруы тиіс:
      1) жыл сайын 01 қарашаға дейінгі мерзімде, келесі жылға өткізілетін жоспарлы жұмыстардың айын, түрін және мерзімін көрсетіп, өтінім беруге. Ауданның аумағында жоспарлы жұмыстар туралы қызметтерге уақтылы ақпарат беруге;
      2) жер асты желілерін жөндеу уәкілетті органдардан жер жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсат (ордер) алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
      3) ғимараттарды, имараттарды, коммуникацияларды қайта құру және жөндеу кезінде құрылыс нормаларының талаптары мен нысаналарды қоршау жөніндегі тәртіптерді сақтау;
      4) артық құм және құрылыс қоқыстарын өз уақытылы шығарып тастауын қамтамасыз ету;
      5) бұзылған жол төсемдері мен аула аумақтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды уақытылы жүргізу, құрылыс және жөндеу аяқталғаннан кейін қазба орындарын, сонымен қатар құрылыс алаңдарын тәртіпке келтіруде қажетті шараларды қабылдау.
      45. Жер асты коммуникацияларының құрылғысымен және жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізгенде тыйым салынады:
      1) қандайда бір жер үсті құрылысы мен ғимараттарын ығыстыру;
      2) жолды және оның қатты төсемдерін артық бұзу және жұмыстарды тиісті рұқсатсыз (ордерсіз) жүргізу;
      3) тротуарларда, жолмен жүретін бөлігінде және газондарда тартып алынған артық құмды, құрылыс материалдарының қалдықтарын, қоқысты қалдыруға, құдық қақпақтарын көміп тастауға;
      4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен шарттарын бұзуға.

7. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша шаралар

       46. Жасыл көшеттер, жеке үй иелену аумағында өсетін жасыл көшеттерден тыс,ведомстволық бағыныштылығының меншігіне қарамастан дербес мемлекеттік қор болып табылып заңмен қатаң қорғалады. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақта заңнамаға сәйкес жасыл көшеттерді сақтауға тиісті, бұл үшін толық агротехникалық шаралардың
кешенін жасаулары қажет, нақты айтқанда:
      1) су құю, бұтақтарды кесу, апат және қуаң ағаштарды жинау, діңгектерді тазалау, діңгек және тамырлардың шіліктерін алу, тыңайтқыштар жасау, жас ағаштарда баған шұңқырларын жасауға, жараларды дезинфекциялау мен күту, кеуектерді жабу сонымен бірге арам шөптерді жою бойынша механикалық тыңайту (шырмауық, ойраншөп, жусан, сора және т.б.):
      2) жапырақтар түскен кезеңде, түскен жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды арнайы учаскелерге шығару. Жапырақтарды тұрғын үй аумақтары мен бақ скверлерінде өртеуге тыйым салынады;    
      47. Кәсіпорындар, ұйымдар және жеке тұлғалар (бұдан әрі "тапсырушы" деп аталатын)құрылыс, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде төмендегі шараларды атқаруға міндетті:
      1) жасыл желектерді зақымданудан сақтау үшін қоршауға алуға, желектерді сынуынан немесе зақымдануынан қорғау үшін қораптарға салуға;
      2) жасыл желектер орналастырған аймақта жолдар мен тротуарларда қайта құрған және құрылыс салған жағдайда жоғарылатқан немесе төмендеткен жағдайда тік белгілердің 5 сантиметрден артық өзгертуді жібермеу. Тамыр желілерін себу және ашу шарасыз болған жағдайда жобаларда жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін жағдайларды сақтау үшін құрылғыны қарастыру қажет.
      3) салынып жатқан объектілерге кірме жолдарын тартқанда желектердің орындарын ескеріп, жасыл желектердің бар қоршауларын бұзбаулары керек.
      48. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектер шығарып тасталынады. Жасыл желектерді шығарып тасталғанда мыналар ескеріледі:
      1) жасыл қор нысаналарының шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын, газға тұрлалылық және фитонцидтік қасиеттері;
      2) негізгі биоматериалдық көрсеткіштері - әсімдіктің биіктігін, олардың қабығының енін және қоюлығын;
      3) Кент және ауылдық округтің нысаналарының сәнділігіне және әсем рәсімделуіне әсерін;
      4) осы аймақты сауықтыруға әсерін.
      49. Жұмысты жүргізгенде тапсырушы міндетті:
      1) жасыл желектерді шығарып тастауды, қайта отырғызуды немесе кесуді өз күшімен және қаражатымен жүргізуге немесе осы жұмыстар түрін жүргізуге лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен келісім-шарт жасасуға.
      2) ақшалай қаражаттарды (алынатын жасыл желектердің сомасы) жергілікті бюджетке аударумен жасыл желектерді бағалауға лицензиялары бар ұйымдармен шарт жасауға тиісті.
      50. Жасыл желектердің аумағында тыйым салынады:
      1) құрылыс материалдарын, жер, көмір және басқа заттарды жинауға, газондарды, гүлдер егілген жерлерді, ағаш шұңқырларын ластауға;
      2) газондарда жүруге, ағаштарды, көшеттерді сындыруға немесе кесуге, басқа да механикалық зақымдар келтіруге;
      3) көшелерді, алаңдарды, тротуарларды тазалау мақсатында жасыл желектер үшін тұз және басқа зиянды заттар қолдануға;
      4) гүлдерді жұлуға, жемістерді үзуге, мал бағуға, жер, құм өндіруге;
      5) жасыл желектерді өнеркәсіптік лай сумен және басқа тастамалармен ластауға;
      6) бақ мүліктері мен жабдықтарын (орындықтарды, урналарды, шартақтарды, газон торларын) бүлдіруге;
      7) автомашиналармен, мотоциклдермен, велосипедтермен, басқа да көлік құралдарымен жүруге (арнайы көліктен басқа);
      8) газондармен тірі қашалардың маңында жолаушылар көлігінің аялдамасын орнатуға;
      9) газондарда автокөлік құралдарын қоюға және тұрағын орнатуға;
      10) от жағуға, өртке қарсы басқа да тәртіптерді бұзуға;
      11) ағаштарға электр сымдарын, тікенек сымдарды, алтыбақандарды, киімдерді кептіру үшін жіп байлауға, жазулар жазуға;
      12) агрономиялық белгіленген мерзімдерден тыс, сәйкес қызметтермен келісілген кесу тәртібін сақтамай ағаштардың басын кесуге;
      13) ағаш және бұта көшеттерін өз еркімен кесуге;
      14) өз бетімен қашалар орнатуға;
      15) ойындар: футбол, волейбол және басқа ойындар (бұл мақсат үшін арнайы бөлінген орыннан басқа) ұйымдастыруға;
      16) жабайы және мәдени флораның гүлдерін жуашықтарымен және тамырларымен қазып алуға.

8. Ережелерді бүзғаны үшін жеке және заңды түлғалардың жауапкершілігі

      51. Осы қағидаларды бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске сәйкес жауапкершілікке тартуды, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ішкі істер бөлімдері тарапынан өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      52. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады