2010 жылғы арналған арнауы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатың жор салығы үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 наурыздағы N 169 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 04 мамырда N 10-5-136 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы N 186 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.06.24 N 186 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 375,376377378379380381382383384385386387422баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшері N 1,  N 2 қосымшаларда көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
      2. Қармақшы аудандық мәслихатының 30 наурыз 2009 жылғы N 105 санды "2009 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу обьектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 6 мамырында 10-5-108 болып тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінің 2009 жылғы 23 мамырындағы N 43 санды шығарылымында жарияланған) шешімінің күші жойылып, 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 149 шешімі жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      24 сессия төрағасы                              Ә.Дәуленбаев

      Аудандық мәслихат хатшысы                       М.Ерманов

      Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы "30" наурыздағы кезекті
24 сессиясының N 169 шешіміне
       N 1 қосымша

Жер салығы бойынша

      1. Салық Кодексінің ауыл шаруашылылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады, сондай ақ далалық және қуан далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары бойынша белгіленеді.
      1.1 Салық Кодексінің үй іргесіндегі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскасінің 1 шаршы метріне салынатын салық мөлшері 0,50 тенге болып белгіленсін.
      1.2 Салық Кодексінің елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген /бөліп шығарылған / және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 20 пайызға көбейтілсін.
      1.3 Салық Кодексінің елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, Салық кодексінің 386-бабында белгіленген базалық ставкасы 10 есе көбейтіліп, 1 шаршы метріне төмендегідей мөлшерде салық алынсын.
      а) кент аймағында орналасса - 9,60 теңге болып белгіленсін.
      б) ауылдық жерде орналасса - 4,80 теңге болып белгіленсін.
 

Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы "24" желтоқсандағы кезекті
20-сессиясының N 169 шешіміне N 2 қосымша

Қармақшы ауданы бойынша ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерді, ойын жолдарын, картты, бильярд үстелдерін пайдалана отырып, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері

N р/с Салық салу объектісінің атауы Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш -АЕК)
1 2 3

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады