Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңдарына және Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 13 шілдедегі Ұйғарымы және N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Жосалы кентіндегі атаулары өзгеріссіз қалған Қазан көшесі - Қонысбек Қазантаев, Привокзальная көшесі - Ерназар Сексенбаев, Жеңістің 35 жылдығы көшесі - Боқанбай Медешов, Жеңістің 45 жылдығы көшесі - Нұржігіт Нақыпов атындағы көше болып және бұрын атауы берілмеген Жосалы кенті Мөлтек - 1 ықшам ауданындағы Жосалы - Жалағаш автожолы бойына қатар орналасқан N I көшесі Смагұл Ысқақов атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Жосалы кентінің әкімі Ә. Шоқбаров