Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі N 202 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 28 қазанда N 10-5-145 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 30 маусымдағы N 262 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2011.06.30 N 262 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау жөніндегі Ереже" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың қезекті
      29-сессия төрағасы                              К.Құлмырзаева

      Аудандық мәслихат хатшысы                       М.Ерманов

Қармақшы аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 22 қыркүйектегі
N 202 шешіміне қосымша

Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау жөніндегі ЕРЕЖЕ

      Қармақшы ауданының елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау, жасыл көшеттер мен инфрақұрылым объектілерін ұстау және қорғау ережелері (әрі қарай мәтін бойынша-Ережелер) Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс әрекеті туралы" Заңдарына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған.
      Осы ережелер көркейту, санитарлық тазалықты сақтау, жасыл желектер мен инфрақұрылым объектілерін қорғау мақсатында жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттейді. Қармақшы ауданының аумағында қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу және жою тәртібін анықтап меншік нысанына қарамастан ғимараттар, имараттар және құрылыстарға, барлық шаруашылық субъектілеріне қатысты.

1. Негізгі ұғымдар мен түсініктер.

      1. Көркейту-адамның аудан аумағында қауіпсіз, жайлы және ыңғайлы ортасын қамтамасыз ететін элементтері мен жұмыс кешені. Бұл жұмыс кешені көркейтудің нысаналары мен элементтерін ұйымдастыру, күтіп ұстау, пайдалану, жөндеу және қорғауды келесі негізгі бағыттар бойынша қамтиды.
      1) инженерлік көркейту;
      2) сыртқы-әсемдік көркейту;
      3) санитарлық көркейту;
      4) көгалдандыру.
      2. Бөлінген аумақ-жергілікті атқарушы органның шешіміне сәйкес жер пайдаланушының жеке меншігіне немесе жер пайдалануға, оған қарасты нысаналарды (ғимараттар, имараттар, құрылыстар) орналастыру үшін берілген жер учаскесі.
      3. Бекітілген аумақ-оған қызмет көрсету үшін пайдаланатын немесе күзетілетін аймақ болып табылатын, бөлінген аумаққа қосып берілген жер учаскесі.
      4. Жасыл желектер-аудандық аумағының оларға арнайы бөлінген алаптары мен учаскелерінде (бақтар, парктер, бульварлар, көше және көгалдандыру, гулзарлар, газондар) орналасқан ағаштар, көшеттер.
      5. Жер пайдаланушы-меншік нысандарына қарамастан, мақсатты пайдалануына сәйкес жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      6.Инженерлік желілер және имараттар-ауданның селолары мен кенттер аумағының бетіндегі суларды жинау және бұру үшін, қала халқы мен кәсіпорындарының мұқтаждарына кешенді қызмет көрсету үшін арналған селолар мен кенттер инженерлік көріктенуінің маңызды элементтері.
      7. Құрылыс салынбаған аумақ-негізгі жобалау нормаларын қолдануды шектейтін, жер үсті және жер асты құрылыстарының барлық түрлері жоқ аумақ.
      8. Қоғамдық орындар-жалпы пайдаланатын демалыс аймақтары (парктер, жаңа жайлар, саябақтар), алаңдар, көлік аялдамалары.
      9. Көше-жолдың жүргінші бөлігі, тротуарлар, жасыл желектер, жер асты және жер үсті инженерлік желілер орналасқан аумақ.
      10. Шағын сәулеттік насандар-көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар-мүсіндер, бұрқақтар мен әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар; іске асыру сипатындағы құрылғылар-демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, сауда арбалары, телефон және сауда автоматтары, аттракциондар, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      11. Ғимарат-көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын, міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимраттың жер асты бөлігі
болу мүмкін.
      12. Орын-жай-өндірстік үрдістерді орындауға, материалдың құндылықтары орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына) сондай-ақ құралдарды (құбырлар сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті, немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәнді-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      13. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі-қалдықтар) - өндіру тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылар өңделген қалдықтар.
      14. Коммуналдық қалдықтар - елді мекендерге пайда болатын тұтынудың қалдықтары, соның ішінде адамның тіршілік әрекетінің нәтижесінде, тағы да оларға пайда болу сипатында және құрамы бойынша жақын өндірістік қалдықтар.
      15. Жөн-жоқсыз төгілген қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған коммуналдық қалдықтарды, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жоқсыз төгілетін) шығару.

2. Жалпы ережелер

      16. Әрбір меншік субъектісімен көшелер мен жол қиылыстарын тазарту жүргізіледі:
      17. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді.
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару;
      8) қарлы үйінділерді күтіп ұстау.
      18. Ауданның елді мекендерінің аумақтарын кезең-кезеңмен тазалауын өткізу үшін бірыңғай санитарлық күн болып, эр аптаның жұма күні анықталсын.
      19. Қоғамдық орындар мен бекітілмеген аумақтарды тазалауды ұйымдастыруды кент, ауылдық округтерінің әкімдері жүзеге асырады.
      20. Әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттарында, сауда және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында, тұрғын үй құрылысының аумағында автомобиль көлігі тұрагының орындары жабдықталады.
      Белгіленбеген орындарда хабарландыруларды, афишаларды, үгіттік баспа материалдардың, хабарламалар мен басқа да визуалдық ақпаратты орналастыру, жапсыру, үгіттік баспа материалдарын шашуға жол берілмейді.
      21. Автокөліктік құралдарды жөндеу арнайы жабдықталған орындарда жүзеге асырылады.
      22. Үй жануарларының иелері малдардың байлауда немесе елді мекеннен тыс орнатылған орындарда малшының қадағалауымен бағылады.
      23. Үй малдарын елді мекендердің жол-көшелерінің желілері бойынша айдағанда мал иелері малдарды ұстау орнынан бағу орнына дейін бірге барады.

3. Аудан аумағындағы құрылыстарды бөлу және бұзу

      24. Аумақты көне және тозығы жеткен құрылыстардан тазарту жұмыстарына, қолданыстағы заңдармен сәйкес, осы рәсімдердің орындалуының заңдылығын заңды түрде қамтамасыз еткеннен кейін кіріседі.
      25. Көрсетілген жұмыстарды машина мен механизмдерді жұмылдырып,
технологиялық талаптарға сәйкес атқарады.
      26. Құрылысты бөлшектенген немесе бұзғаннан кейін, құрылыс қалдықтары (қоқыстар) қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына тасып шығарылады, ал учаске қайта қопсытылады.

4. Аудан аумағында қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске қосу

      27. Қалдықтарды жинау кезінде төмендегі әрекеттерге жол берілмейді:
      1) қалдықтарды апатты үйінділерде бақылаусыз орналастыру;
      2) коммуналдық қалдықтарды жөн-жосықсыз өртеу;
      3) қалдықтардың бір түрлерін басқа түрлермен араластыру;
      4) құрылыс алаңдарында, үйінділер мен полигондарда құрылыс қоқыстарын араластыру;
      5) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз инертті қалдықтармен араластыру, сонымен бірге өндіріс, тасымалдау және орналастыру үрдісінде қауіпті қалдықтарды араластыру;
      6) қауіпті қалдықтарды қауіпсіз және инертті қалдықтар полигонында орналастыру;
      7) қатты, қол өнеркәсіп қалдықтарын қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында орналастыру;
      28. Қалдықтардың меншік иелері өндіріс пен тұтыну қалдықтары және қауіпті қалдықтар, сонымен бірге қалдықтарды есепке алу және қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіпті қалдықтардың сақталуының экологиялық талаптарын сақтайды.
      29. Сапар жайларда, базарларда, саябақтарда, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылады.
      Санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сай қораптар толғаннан кейін тазаланады.
      30. Қораптарды жуу жұмыстары кірлеуіне қарай, бірақ кемінде аптасына бір рет орындалады.
      31. Жеке және заңды тұлғалар:
      1) бекітілген және бөлінген аумақтарда санитарлық қағидалармен анықталған қажетті санитарлық жағдайда ұстауы; теңгеріміне бекітілген немесе меншіктегі инженерлік жүйелер және олардың элементтері (құдықтар, люктер, торлар, жылулық пунктер, трансформаторлық кіші станциясы);
      2) қалдықтарды сақтау және жинау үшін қатты жабындысы бар арнайы жабдықталған алаңдары болу;
      3) өндірістік, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды және қалдықтарды полигонда (қоқыс тастайтын жер) көмуді қамту;
      4) елді мекен көшелеріне белгіленген аумақтардан тыс топырақты, құрылыс қоқысты шығару және ластанған көлік пен құрылыс механизмдердің шығуына жол бермеуімен, өзінің құрылыс алаңдарына және жабындысыз басқа объектілерге қажетті кіре беріс жолдарының ұсталуы қамтылады.
      32. Қоршаған ортаға қауіп келтіретін жағдайларда аудан аумағында құрылыс материалдарды, заттарды, ыдыстарды, жабдықтарды үюге, отты жағуға, өндірістік қалдықтарды, қоқыстарды күйдіруге жол берілмейді.

5. Аумақты қысқы мерзімде күтіп ұстау және тазалау

      33. Көшелерде және алаңдарда қарды, мұзды жинау кәсіпорындармен, ұйымдармен және басқа шаруашылық субъектілермен оларға бекітілген аумақтарда жүргізіледі.
      34. Көшелермен алаңдармен жүру бөліктеріне, көпірлерге, жол қиылыстарына, көтерілетін және төмен түсетін жолдарға механикаландырылған құм төгу уәкілетті қызметтерімен жоспарлы тәртіпте жүргізіледі.

6. Ауданның кент және ауылдық округінің аумақтарында жер қазумен байланысты жер жұмыстарын жүргізу тәртібі

      35. Жер асты коммуникацияларының құрылғысымен және жөндеумен байланысты жұмыстарды жүргізгенде:
      1) қандайда бір жер үсті құрылысы мен ғимараттары ығыстырылмайды;
      2) жолды және оның қатты төсемдерін артық бұзу және жұмыстар тиісті рұқсатсыз (ордерсіз) жүргізілмейді;
      3) тротуарларда, жолмен жүретін бөлігінде және газондарда тартып алынған артық құм, құрылыс материалдарының қалдықтарын, қоқыс қалдықтары, құдық қақпақтары көміп тасталмайды;
      4) жұмыстардың рұқсат қағазда (ордерде) көрсетілген мерзімдері мен шарттары бұзылмайды.

7. Жасыл көшеттерді ұстау және қорғау бойынша шаралар

      36. Жасыл көшеттер, жеке үй иелену аумағында өсетін жасыл көшеттерден тыс, ведомстволық бағыныштылығының меншігіне қарамастан дербес мемлекеттік қор болып табылып, заңмен қатаң қорғалады. Заңды және жеке тұлғалар бекітілген аумақта заңнамаға сәйкес жасыл көшеттерді сақтауда агротехникалық шаралардың кешенін жасаулары қажет, нақты айтқанда:
      1) су құю, бұтақтарды кесу, апат және қуаң ағаштарды жинау, діңгектерді тазалу, діңгек және тамырлардың шіліктерін алу, тыңайтқыштар жасау, жас ағаштарда баған шұңқырларын жасауға, жараларды дезинфекциялау мен күту, кеуектерді жабу сонымен бірге
арам шөптерді жою бойынша механикалық тыңайту (шырмауық, ойраншөп, жусан, сора және т.б.)
      2) жапырақтар түскен кезеңде, түскен жапырақтарды уақытында жинау. Жиналған жапырақтарды арнайы учаскелерге шығару. Жапырақтарды тұрғын үй аумақтары мен бақ скверлерінде өртемеу;
      37. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл желектерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда жасыл желектер шығарып тасталынады. Жасыл желектерді шығарып тасталғанда мыналар ескеріледі:
      1) жасыл қор нысаналарын шаңнан қорғайтын, желден қорғайтын және фитонцидтік қасиеттері;
      2) негізгі биоматериалдық көрсеткіштері-өсімдіктің биіктігін, олардың қабығының енін және қоюлығын;
      3) Кент және ауылдық округтің нысаналырының сәнділігіне және әсем рәсімделуіне әсерін;
      4) осы аймақты сауықтыруға әсерін;

8. Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      38. Осы ережені бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске сәйкес жауапкершілікке тартуды, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, ішкі істер бөлімдері тарапынан өз құзырлары шегінде жүргізіледі.
      39. Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдың зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады