Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысының Әділет департаменті Қармақшы аудандық Әділет басқармасының 2011.08.24 N 2-9/2549 хатымен).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ауданның тіркеуге тұратын жылы он жеті жасқа толатын еркек
жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстары 2011 жылдың
қаңтар-наурыз айларында жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Қ. Мұстафаеваға жүктелсін.
3. Шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі Б. Қаюпов