Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"Заңдарын және 2010 жылдың 13 шілдедегі Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның ұйғарымы және N 1 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. III Интернационал ауылының Карл Маркс көшесі - Қорқыт ата көшесі, Ленин көшесі - Астана көшесі, 50 лет ВЛКСМ көшесі - Бәйтерек көшесі болып өзгертілсін.
2. Шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Ауылдық округі әкімі Г.Тоқтарбекова