"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Жалағаш кенті бойынша жер учаскелері үшін салықтық төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 қазандағы N 12-2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-6-107 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2008 жылғы 5 қарашадағы N 91 санында жарияланған):
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздерден кейін "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
2) "Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бекіту туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-4 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 10-6-129 санымен тіркелген, "Жалағаш жаршысы" газетінің 2009 жылғы 24 қазандағы N 84 санында жарияланған):
көрсетілген шешімнің тақырыбы мен бүкіл мәтіні бойынша "Ережесін", "Ережесі", "Ереже", "Ережеде", "Ережемен", "Ережені" деген сөздер тиісінше "Нұсқаулығын", "Нұсқаулығы", "Нұсқаулық", "Нұсқаулықта", "Нұсқаулықпен", "Нұсқаулықты" деген сөздермен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармағының 2) тармақшасы күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 20.06.2011 № 43-4 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
XХVІІІ-сессиясының төрағасы | А. ТАУПБАЕВ |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. СҮЛЕЙМЕНОВ |