Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2011.06.20 N 43-4 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 311-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығы бекітілсін.
Ескерту. Тақырыбы мен мәтіндеріне өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010.03.31 N 28-3 шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XХ-сессиясының төрағасы Б. АМИТОВ
Аудандық мәслихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
"КЕЛІСІЛДІ"
Жалағаш аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Б.Жарқынбаев
______________07 қыркүйек 2009 ж.
Жалағаш аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы О.Аханов
______________08 қыркүйек 2009 ж.
Жалағаш аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Ұ.Құланбаев
______________08 қыркүйек 2009 ж.
2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-4
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау
НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жалпы ережелер
1. Ауданда иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығы (бұдан әрі-Нұсқаулық) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
Нұсқаулық ауданда иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді.
Осы Нұсқаулық барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі-иелер) қолданылады.
2. Осы Нұсқаулықта төмендегі түсініктер қолданылады:
1) ит - көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан, сүт қоректі, қасқыр тектес үй жануары;
2) мысық - көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан, сүт қоректі, мысық тектес үй жануары;
3) жануардың иесі - ит пен мысықты асыраушы, күтуші адам немесе иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
4) иесіз жануарлар - тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
5) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;
6) иттер мен мысықтарды серуендету – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда серуендеуі болып табылады.
2. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі
3. Меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалар меншігіндегі иттер мен мысықтардың барлық түрлері жануарларды бірдейлендіру тәртібімен ветеринарлық ұйымда тізімдік есепке алынып, тіркеу барысында иелеріне ветеринарлық паспорт беріледі.
Тіркеу барысында иелер осы Нұсқаулықпен таныстырылады және танысқандығы туралы тіркеу кітабына қол қойылумен рәсімделеді.
4. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез-келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
5. Иесінен жануарлар тек соттың шешімімен немесе Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнамасында қаралған жағдайларда ғана алынады.
3. Иттер мен мысықтарды ұстау тәртібі
6. Иттер мен мысықтарды сатып алу мен сату, басқа бір адамға тапсыру, жалға беру және көліктің барлық түрлерімен аудан ішінде тасымалдау кезінде құтырма және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген уақыты белгіленген жануардың ветеринарлық паспорты болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
7. Иттерді қоғамдық көліктерде тасымалдау көліктің артқы алаңдарында, жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Иттердің декоративті түрлерін және (немесе) мысықтарды сөмкеде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерде), қолда алып тасымалдауға болады.
8. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас әзірлеуге арналған бөлмелерде, кіреберістерде, баспалдақ алаңдарында, үйдің шатырында, жертөлелерде), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға рұқсат етілмейді.
9. Егер жануардың иесі заңды тұлға болған жағдайда, жануарды ұстауға жауапты адам тағайындау ұсынылады.
4. Иттер мен мысықтарды серуендету тәртібі
10. Иттерді тұмылдырықпен және қарғыбаумен қоршаған ортаға ешқандай қолайсыздық келтірмейтіндей етіп ертіп жүруге және серуенге шығаруға болады.
11. Иттерді тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз тек арнайы қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында серуендетуге болады.
12. Тиым салу белгілері орнатылған, сондай-ақ аулалардың балалар алаңқайында, шомылу орындарында, спорт алаңдарында, мектепке дейінгі және оқу орындарының, емдеу мекемелерінің аумақтарында иттерді серуендетуге болмайды.
5. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулау
13. Қоғамдық орындарда иесіз жүрген иттер мен мысықтар қараусыз деп есептеледі және иесіз жануарларды ұстайтын арнаулы бригаданың (топтың) аулауына жатады.
14. Иесіз жануарларды аулау азаматтардың денсаулығына, мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеу тәсілімен жүзеге асырылуы қажет.
15. Қараусыз жүрген иттер мен мысықтарды аулауды арнаулы бригада (топ) жүзеге асырады.
16. Ауланған қараусыз жүрген иттер мен мысықтар малды көметін арнайы орындарда залалсыздандырылады.
6. Иттер мен мысықтар иелерінің осы Нұсқаулықты бұзғандығы үшін жауапкершілігі
17. Осы Нұсқаулықты бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.