Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.01.31 N 44 қаулысымен.
Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және "2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы ХХІІІ-сессиясының N 23-2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 30 желтоқсанда N 10-6-133 тіркелген) сәйкес 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай еңбек еткен адамдарға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді өтеу үшін көрсетілетін әлеуметтік төлемдер түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі Қ. БЕКЕНОВ
2010 жылғы 14 сәуірдегі
Жалағаш ауданы әкімдігінің
N 177 қаулысына қосымша
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай еңбек еткен адамдарға тұрғын үй коммуналдық қызметтерді өтеу үшін көрсетілетін әлеуметтік төлемдер түрлері
N | Әлеуметтік төлемнің түрлері |
Әлеуметтік көмекті көрсету мерзімі және мөлшері |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Электр қуатымен жабдықтау |
айына бір рет 45 киловат |
2 |
Газбен жабдықтау |
айына бір рет кіші балон |
3 |
Ауыз сумен қамтамасыз ету |
айына бір рет бір адамға |
4 |
Жылумен қамтамасыз ету |
от жағатын маусым кезеңде айына бір рет 0,5 (жарты тонна) қатты отын |