Ақсу ауылдық округіндегі көшенің атуын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 47 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 15 маусымда N 10-6-161 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабы 4) тармақшасына және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 2 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Ақсу ауылдық округіндегі XXI партсъезд көшесінің атауы - Бостай би атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауыл әкімі                            Қ. Құлмахан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады