Жалағаш кентіндегі жекелеген көшелердің атын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш кенті әкімінің 2010 жылғы 03 тамыздағы N 325 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 31 тамызда N 10-6-164 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес кент халқының пікірін және  Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 шілдедегі N 4 хаттамасын ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Жалағаш кентіндегі:
      1) Бостандық көшесі Шоңбай ақын атындағы көше болып;
      2) Менделеев көшесі Ілияс Нүркеновтың атындағы көше болып;
      3) Парк көшесі Сырмағанбет Отарбаев атындағы көшесі болып қайта атылсын.
      2. Кент әкімінің орынбасары М.Ибраев осы шешімді іске асыру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Кент әкімі                          А. Дарибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады