Еңбек ауылдық округінде шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 27 желтоқсандағы N 11 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш аудандық әділет басқармасында 2011 жылы 20 қаңтарда N 10-6-177 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 17 қазандағы N 7 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округі әкімінің 2011.10.17 N 7 Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына және ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 1346 ұсынысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Еңбек ауылдық округінде мүйізді ірі қара және уақ малдарында жұқпалы сарып (бруцеллез) ауруының анықталуына байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық шаралар жүргізу үшін шектеу енгізілсін.
      2. Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Байтасов, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясы (келісім бойынша) және Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша) ауыл шаруашылығы жануарлары мен мал өнімдерінің шығарылмауын, профилактикалық шаралардың толық атқарылуына қатаң бақылау ұсынылсын.
      3. "Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Байтасовқа жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбек ауылдық округі әкімі                Қ. ЖАРТЫБАЕВА

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция
      комитетінің Жалағаш аудандық
      аумақтық инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________________ Ұ. Құланбаев
      "_____" желтоқсан 2010 жыл

      "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Б. Жарқынбаев
      "_____" желтоқсан 2010 жыл

      "Жалағаш аудандық ветеринария бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ____________________ Ә. Бақтыбаев
      "_____" желтоқсан 2010 жыл 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады