Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 31.01.2013 N 331 хаты).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Біржолғы талон құнын белгілеу туралы" Жалағаш аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 29-2 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 10-6-151 болып енгізілген, "Жалағаш Жаршысы" газетінің 2010 жылғы 12 мамырдағы N 39 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Жалағаш ауданы бойынша қызметті дүркін-дүркін сипатта болып, қызметінің жекелеген түрлерін (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талон құны 1 -қосымшаға сәйкес және Жалағаш ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін."
көрсетілген шешімге 1-қосымшадағы:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалағаш ауданы бойынша қызметті дүркін-дүркін сипатта болып, қызметінің жекелеген түрлерін (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талон құны"
кестедегі "Кәсіпкерлік қызмет түрі" деген бағандағы реттік саны 9-жолдағы "бағуды" деген сөз "бағу" деген сөзбен ауыстырылып, "жүзеге асыратын жеке тұлғалар" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген шешімге 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Жалағаш ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талон құны".
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XХХVІІ-сессиясының төрағасы А. АБЖАЛЕЛОВ
Аудандық мәслихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
"КЕЛІСІЛДІ"
Жалағаш ауданы бойынша
салық басқармасының
бастығы__________ Қ.Сүлейменов
"24" желтоқсан 2010 жыл