Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2013.01.31 N 331 хаты).
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабының 6-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы бойынша қызметті дүркін-дүркін сипатта болып, қызметінің жекелеген түрлерін (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талон құны 1 -қосымшаға сәйкес және Жалағаш ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талон құны 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 37-5 шешімімен.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХХІХ-сессиясының төрағасы А. Алдонгаров
Аудандық мәслихат
хатшысы К. Сүлейменов
Жалағаш ауданы бойынша
салық басқармасының Қ. Сүлейменов
2010 жылғы "7" сәуірдегі N 29-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешіміне 1-қосымша
Жалағаш ауданы бойынша қызметті дүркін-дүркін сипатта болып, қызметінің жекелеген түрлерін (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар үшін біржолғы талон құны
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 37-5 шешімімен.
N | Кәсіпкерлік қызмет түрі | Біржолғы талон құны (теңге) |
---|---|---|
1. |
Газеттер мен журналдар сату |
50 |
2. |
Тұқым, сондай-ақ отырғызу материалдарды (екпелер, көшет) сату |
70 |
3. |
Бақша дақылдарын сату |
50 |
4. |
Саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату |
30 |
5. |
Қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату |
50 |
6. |
Жануарлар мен құстардың жемдерін сату |
50 |
7. |
Сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал және балық сату |
100 |
8. |
Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі жеке трактор иелерінің көрсететін қызметіне |
300 |
9 |
Үй жануарлары мен құстарын бағу |
50 |
2010 жылғы 7 сәуірдегі 29-2
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешіміне 2-қосымша
Жалағаш ауданы бойынша базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талон құны
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 37-5 шешімімен.
N | Кәсіп түрі | Біржолғы талон құны (теңге) |
---|---|---|
1. |
Азық-түлік сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
480 |
|
Жеңіл автокөліктерден сату |
240 |
|
Сөреден сату |
70 |
|
2. |
Өндірістік заттарды сату |
|
Жүк автокөліктерінен сату |
480 |
|
Жеңіл автокөліктерден сату |
240 |
|
Сөреден сату |
80 |
|
3. |
Мал сату |
|
Ірі қара және жылқы сату |
125 |
|
Басқа үй жануарларын сату |
50 |
|
Құс сату |
20 |
|
4. |
Ауылдағы базарда азық түлік сату |
20 |