Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін реттеуге байланысты қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 582 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 09 ақпанда N 10-7-90 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 шілдедегі N 116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.07.26 N 116 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Жолдауын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
қағидасы N 1 қосымшаға, жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру қағидасы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 сәуірдегі N 235 "Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін реттеуге байланысты қағидаларды бекіту туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын және аудандық мәслихаттан осы қағидаларды бекіту туралы 4 мамыр 2009 жылғы кезектен тыс XV сессиясының N 135 шешімінің күшін жою сұралсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.09.29 N 826 қаулысымен.

      Жаңақорған ауданының әкімі                   Б. Еламанов

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 қаңтар N 582 қаулысына
N 1 қосымша      

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
мен қаржыландырудың
ҚАҒИДАСЫ

      Осы қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл қағида халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен каржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарын реттейді.
      2. Бұл ережеде пайдаланған негізгі түсініктер:
      1) әлеуметтік жұмыс орындары - халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін республикалық бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары;
      2) нысаналы топтар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болған және әлеуметтік қорғауға зәру адамдар топтары.
      3) нысаналы топтарға жататын (табысы аз адамдар) азаматтар: жиырма бір жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті; көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар, оқу орындарын бітірушілер; күндізгі бөлімде оқитын демалыс кезіндегі студенттер, жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар; жартылай жұмыспен қамтылғандар; ұзақ мерзімді жұмыссыздар.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
      4. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға көмектеседі.
      5. Әлеуметтік жұмыстардың ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін деп белгіленеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру жэне жұмысқа орналастыру тәртібі

      1. Уәкілетті жұмыспен қамту органы халықтың мақсатты топтарының әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегіне төлем ақысына өз қаржысынан кеткен шығындарының бөлігін өтеуге төлеу қызметін көрсету жөнінде жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
      2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі халықтың нысаналы топтарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
      Жұмыс берушінің өз ақшасынан емес тиісті бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төлеуді қаржыландыратын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізімге кірмейді.
      3. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа
орналастыру аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімдерімен жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары.

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес атқарылған еңбектің көлемі, сапасы мен күрделілігіне қарай ай-сайын жүзеге асырылады.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған бюджеттің қаржысы жұмыспен қамту уәкілетті органымен жұмыссыз арасындағы келісім шарттқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлемге төленеді.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарын нысаналы әлеуметтік топтар үшін 6 айлық мерзімге жергілікті атқару органдары ұйымдастыратын болады. Бір адамға республикалық бюджеттен бөлінетін орташа қаржысы 20,0 мың теңгеге дейін жеткізіліп, жұмыс берушінің 50 пайыздық үлесін қосқанда жұмыс істеушінің орташа айлық еңбекақысы айына 40,0 мың теңгені құрайтын болады.
      5. Жұмыстан қысқарған және басқа да азаматтардың әлеуметтік жұмыс орнына орналасуы - келісім шарт негізінде жүргізіледі.

4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
тәртібіне бақылау жасау.

      1. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жәйлі мәлімет тапсырады.
      2. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс.
      Ұйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі уәкілетті органға себептеріп көрсетіп ескертуі тиіс.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
26 қаңтар N 582 қаулысына
N 2 қосымша      

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мен қаржыландыру
ҚАҒИДАСЫ

      Осы қағида "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 274 қаулысына сәйкес, арнайы орта, жоғары оқу орнын бітірген жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен тәжірибесін арттыру мақсатында әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру (әрі қарай жастар тәжірибесі) азаматтарды әлеуметтік қолдаудың басты бір бағыты және олардың жұмысқа орналасуына қосымша ықпал жасау болып табылады.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арнайы орта, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, кәсіби мамандық алған жұмыссыз жастарды өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтауға, еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында жастар тәжірибесінен өткізеді.
      3. Жастар тәжірибесі меншік түріне қарамастан мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда ұйымдастырылады (әрі қарай жұмыс беруші). Жастар тәжірибесін өткізуді іс-жүзіне асыру республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
      4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыруды бақылау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай уәкілетті орган) жүргізеді.

2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру

      1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастардың жұмысқа орналасуын талдау негізінде кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтардың санын анықтайды.
      2. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезеңінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі.
      1) жұмыссыз азаматтардың саны-кәсіби оқу орындарын бітірушілердің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеліп тұрған жалпы жұмыссыз азаматтардың қандай бөлігін құрайтындығы
      2) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемеген кәсіби оқу орындарын бітірген жастар санының өсуі.
      3) жұмысқа орналасу мүмкіндігін шектейтін кәсіби оқу орындарын еңбек өтілінің болмауы
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс беруші жөнінде олардың дамуы, өндірісінің кеңеюі жөніндегі мәліметтерді жинап, жастар тәжірибесіне қатысушыларды жұмысқа қабылдау мүмкіндігін анықтайды.
      4. Жұмыс берушілер жөніндегі мәліметті талдау қорытындысын негізге ала отырып, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жастар тәжірибесіне қатыстыруға кәсіби оқу орындарын бітірген жұмыссыз азаматтарды жасақтайды.
      5. Үміткерлер іріктеу кезінде төмендегі ерекшеліктер ескеріледі: І.Үміткерлердің аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз есебінде тіркелуі;
ІІ.Іріктеу кезеңінде оған лайықты жұмыстың болмауы;
ІII.Жасы 29-ға толғанға дейінгі азаматтар.
ІV.Күндізгі бөлімде оқитын демалыс кезіндегі студенттер
      6. Уақытша жұмыс орнын ұсынғысы келетін жұмыс беруші жастар тәжірибесінен өтетін кәсіби оқу орындарын бітірген азаматтармен келісім шарт жасайды. Келісім шартта қабылданатын жұмыссыздар саны, мамандықтар тізімі, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығы, жастар тәжірибесіне қатысушылардың кәсіби білімдерін, біліктілігін, дағдылануын өзінің мамандығына сәйкес үйретілетіндігі көрсетіледі. Келісім-шарт 6 айға жасалынады, ең төменгі мерзім 3 ай.
      7. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыздар осы тәжірибеге басталған уақыттан бастап 1 рет қатыса алады және жұмыссыз есебіне тіркелген уақытына қарай жіберіледі. Өткен жылы 3 ай мерзімге тартылғандар ағымдағы жылы тиісті мерзімді толықтыра алады.
      8. Осы келісім-шарт негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыссыздың келісімімен жұмыс берушіге жолдама беріледі.
      9. Уәкілетті орган берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігі уәкілетті органға қайтаруға жатады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010.09.29 N 826 қаулысымен.
      10. Жастар тәжірибесіне қабылдаған жағдайда, жұмыс беруші жұмыссызбен Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес келісім-шарт жасап, жұмысқа қабылданғаны жөнінде бұйрық береді.
      11. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған үш күн ішінде жастар тәжірибесіне қатысушымен жасалған келісім-шартты немесе жұмысқа қабылданған жөнінде мәлімет уәкілетті органға тапсырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен шарттары:

      1. Егер еңбек келісім-шартының шарттарының орындалуы бұзылған жағдайда жастар тәжірибесі жағының ұсынысымен еңбек келісім-шарты Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес бұзылады. Осы келісім-шарт бұзылған үш күн ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне келісім-шарттың бұзылғаны жөнінде хабар береді.
      2. Уәкілетті орган жұмыс берушімен келісім-шартты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзуына болады, егер жастар тәжірибесіне қатысушының құқығына нұқсан келген жағдайда.
      3. Келісім-шарттың уақыты біткен жағдайда, не болмаса мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда жұмыс беруші уәкілетті органға хабарлауға немесе тұрақты жұмысқа қабылдаған жағдайда мәлімет береді.
      4. Жұмыс берушінің қолдауымен жастар тәжірибесіне қатысушыны келісім-шарттың уақытының бітуінен бұрын да тұрақты жұмысқа қабылданады.
      5. Келісім-шарттың уақыты біткеннен кейін жұмыс беруші жастар тәжірибесіне қатысушыға оның атқарған жұмыстары жайлы ұсыныс хат береді.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушы жұмыссыз азаматтар жұмыс іздеуші есебінен шығарылмайды.

4. Жастар тәжірибесін қаржыландыру

      1. Жастар тәжірибесін өткізу республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
      2. Жұмыс орнына мамандығы бойынша рұқсат беруге қосымша кәсіби даярлау жұмыссыздарды кәсіби мамандыққа оқыту бағдарламасы арқылы төленеді.
      З. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын төлеу және еңбек келісім-шартына сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекет тарапынан 20,0 мың теңге көлемінде республикалық бюджет қаржысы есебінен 100 пайыздық жалақы төленеді.
      4. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы олардың жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүзеге асырады.
      5. Жұмыс беруші өзінің қаражаты есебінен атқарған жұмысының көлемінде сапасына, күрделілігіне байланысты жастар тәжірибесі жоғарғы оқу орындарын, колледждер мен кәсіптік лицейлерді бітіруші түлектерге көрсетілетін мемлекеттің қосымша қолдауы болып табылады және ол жергілікті атқару органдарының қалауы бойынша қолданылады.
      6. Жастар тәжірибесінің мерзімі 6 айдан аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады