Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.07.26 N 116 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына және Қызылорда облысы Әділет Департаментінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 2/5745 "Заң бұзушылығын жою туралы ұсынысына" сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 582 "Халықты жұмыспен қамтудың кейбір мәселелерін реттеуге байланысты қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен (мемлекеттік тіркеу тізілімі N 10-7-90, 2010 жылғы 9 ақпан, "Жаңақорған тынысы" газетінің 2010 жылғы 10 ақпандағы N 12 санында ресми жарияланған) бекітілген қағиданың 2-бөлігінің 9-тармағы "9. Уәкілетті орган берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігін уәкілетті органға қайтаруға тиіс" деген сөздер, "9. Уәкілетті орган берген жолдаманы жұмыс берушіге тапсырғаннан кейін, оның екінші бөлігі уәкілетті органға қайтаруға жатады" деген сөздермен, ал осы қаулының 4-тармағы "Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін" деген сөздермен өзгертілсін.
Жаңақорған ауданының әкімі Б. Еламанов