Азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 05 сәуірдегі N 666 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 12 сәуірде N 10-7-95 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 наурыздағы N 1027 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2011.03.28 N 1027 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңының 31 бабының 1-тармағына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" заңының 19 бабының 3-тармағына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық шақыру комиссиясы құрылсын және оның құрамы N 1қосымшаға сай, ал комиссияның қосалқы құрамы N 2 қосымшаға сәйкес
бекітілсін. Оның жұмысын үйлестіру және азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін дайындау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (келісімі бойынша) сұралсын.
      2. Жаңақорған, Шалхия кенттері мен барлық ауылдық округ әкімдері 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын.
      3. "Жаңақорған аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорынына (келісімі бойынша) шақыру комиссиясының жиын
пунктінің жанынан аудандық медициналық комиссиясын құру сұралсын.
      4. "Жаңақорған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне аудандық шақыру комиссиясына техникалық көмек көрсететін мекемелер мен қызметкерлердің тізімін бекіту және олардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. "Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісімі бойынша), Жаңақорған станциясының желілік полиция пунктіне (келісімі бойынша) шақыру комиссиясының жиын пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және шақырылғандардың жүру маршруттарында қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында жол полициясы инспекторларын, патрульдік автокөліктердің және полиция нарядтарының қажетті санын бөлу ұсынылсын.
      6. "Қызылорда электр тарату торабы компаниясы" акционерлік қоғамының Жаңақорған аудандық электр торабы мекемесінен (келісімі бойынша) шақыру кезеңінде электр жарығының үздіксіз беріліп тұруын қамтамасыз етуге ықпал жасау сұралсын.
      7. "Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне әскери қызметке шақырылғандарды салтанатты жағдайда шығарып салу күндерінде әскерге шақырылған жастар алдында концерттер, жиын пунктінде әскери-патриоттық тақырыптардағы көркем суретті және деректі фильмдерді көрсетуді ұйымдастырсын.
      8. "Жаңақорған кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жанындағы аудандық жиын пунктіне жұмыссыз ретінде тіркелгендерден қоғамдық жұмыс істеуге өз еріктерімен келіскен бірнеше адамды бөлсін.
      9. "Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінен, "Жаңақорған аудандық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынынан, "Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінен және Жаңақорған станциясының желілік полиция пунктінен (келісімдері бойынша) осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2010 жылдың 10 шілдесіне және 2011 жылдың 15 қаңтарына аудан әкіміне беру ұсынылсын.
      10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Ибрагимовке жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                  Б.Еламанов

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық емхананың бас дәрігері,
ОДСБ аудандағы өкілі
Ысқақов Сәулебек Есқожаұлы

_________________"05" сәуір 2010 жыл

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының,
міндетін атқарушы
Жүсипов Сейтнәби Калкозұлы

_________________"05" сәуір 2010 жыл

"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі,
бөлім бастығы
Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы

_________________"05" сәуір 2010 жыл

"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда электр тарату торабы
компаниясы" АҚ-ның Жаңақорған
аудандық электр торабы мекемесінен бастығы
Ибраев Ғалым Әшімұлы

_________________"05" сәуір 2010 жыл

"КЕЛІСІЛДІ"
Жаңақорған станциясының желілік
полиция пунктінің бастығы
Аблаев Ғалымжан Ауелбекович

_________________"05" сәуір 2010 жыл

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
      05 сәуірдегі N 666
      қаулысына N 1 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының
      Қ Ұ Р А М Ы

      Әлімбетов Сабырхан Қалиханүлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша),
      Ысқақов Батырбек Есқожаұлы - аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары.

      комиссия мүшелері:

      Жақсыбеков Ерзақ Өмірзақұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша),
      Абдусаметов Жақсылық -аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы, (келісімі бойынша),
      Раева Эльмира - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісімі бойынша).

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы
      05 сәуірдегі N 666
      қаулысына N 2 қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының қосалқы
      Қ Ұ Р А М Ы

      Бердібеков Нұрдәулет Кенжебайұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша),
      Оспанов Нұрғали Алайдарұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.

      комиссия мүшелері:

      Құлтасов Қалжан Сәулебайұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша),
      Жүнісов Ришат Сайпуллаұлы - аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссия төрағасы (келісім бойынша),
      Зейдалиева Қаркөз - аудандық емхананың медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады