Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 4 мамырдағы кезектен тыс XV сессиясының "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы" N 134 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 қыркүйектегі N 249 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 02 қарашада N 10-7-114 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 маусымдағы N 138 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 28.06.2013 N 138 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабы 3 тармағы 4 тармақшасына, 18 бабының 5 тармағына және аудан әкімдігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы N 795 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 4 мамырдағы "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын әлеуметтік сала мамандарына әлеуметтік көмек беру нұсқаулығын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 3 маусымда N 10-7-75 болып тіркелген 2009 жылдың 21 қыркүйекте N 84 "Жаңақорған тынысы" газетінде жарияланған) N 134 шешімінің тақырыбы мен мәтініндегі "ереже" мен "нұсқаулық" деген сөздер "қағида" деген сөзбен және "бір ғана мүшесіне" деген сөздер "әр мүшесіне бөлек" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2.  Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық Мәслихаттың кезекті
      XXXI сессиясының төрағасы                        Қ. ИСАХАНОВ

      Аудандық Мәслихат хатшысы                        С. ДҮЙСЕБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады