Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2011.06.20 N 323 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. "Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасы" осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХІ сессиясының төрағасы Қ. Жұмахметов
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев
2010 жылғы 05 наурыздағы
аудандық мәслихаттың
N 232 шешіміне қосымша
Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі
Қ А Ғ И Д А С Ы
Осы ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі Қағидасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысын басшылыққа алып әзірленді.
1. Жалпы қағида
1. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу халықты әлеуметтік жағынан қорғаудың бір нысаны болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі жөніндегі қағида табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтап береді.
3. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 15 пайыз мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленген.
4. Өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әр мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламалы.
5. От жағатын қысқы мезгіл 15 қазаннан бастап, келесі жылдың 15 сәуіріне дейін белгіленген.
2. Тұрғын үй көмегін алу тәртібі
6. Тұрғын үй көмегі "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) арқылы беріледі.
7. Тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші құжаттарын кенттің, ауылдық (селолық) округтің әкіміне тапсырады.
8. Тұрғын үй көмегі сол аумақта тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе тұрғын үйді пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
9. Төмендегі отбасылары:
1) Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, 3 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген еңбекке қабілетті азаматтары бар отбасылары;
2) жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер;
3) ұсынылған жұмыстан, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға тұрғын үй көмегі көрсетілмейді.
3. Бюджеттен өтелетін және тұрғын үй көмегі есептелетін коммуналдық қызметтер
10. Қызмет түрлері:
1) Электр қуатымен қамтамасыз ету.
2) Сумен жабдықтау.
3) Канализация қызметін өтеу;
4) Қоқыс шығару.
5) Жеке(баллонмен) газбен қамтамасыз ету.
6) Қатты отын (көмір).
7) Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы.
8) Лифт қызметін көрсету.
4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері
11. Тұрғын үй көмегі уәкілетті орган арқылы жергілікті бюджеттен осы мақсатқа бөлінетін қаржының есебінен азаматтарға атаулы ақшалай түрде беріледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшері тұрғын үй коммуналдық қызметтер үшін нақты есептелген ақыдан аспауға тиісті.
12. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Отбасының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтері үшін ақы төлеуге жұмсалатын шекті шығындар үлесі, сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық қызметтер мөлшері мен тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекке қайта есептеу жүргізеді.
13. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер туралы, сондай-ақ, көмектің дұрыс есептелмеген жағдайлары туралы уәкілетті органға 15 күн ішінде хабарланады.
Ескерту. 13-тармағына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы мәслихатының 2010.10.19 N 266 шешімімен.
Уәкілетті органға заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтерді қасақана бергені үшін, оның әсерінен заңсыз өтемақы тағайындалған болса, жалға алушы (меншік иесі) заңда белгіленген тәртіппен көмек алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
Көмектің мөлшері жалға алушының (меншік иесі) өтемақы шаралары мен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үй коммуналдық қызметтерін тұтыну үшін нақты төлемі мен осы отбасының бұл мақсаттарға жұмсайтын шығындарының жол беруге болатын шекті деңгейінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
5. Тиісті құжаттардың тізбесі
14. Тұрғын үй көмегіне өтініш жасағанда келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1) тұрғын үй көмегін алуға өтініші;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
5) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы құжаттары немесе оның жоқтығын анықтайтын анықтамалар;
6) жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер.
6. Тұрғын үй көмегінің тағайындалуы
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім тұрғын үйді жалға алушының (меншік иесінің) жоғарыда көрсетілген құжаттарының негізінде 15 күн ішінде қабылданады.
16. Ақпараттың растығына күмән туған жағдайда уәкілетті органға сұрау салуға мүмкіндігі бар, ал, заңды және жеке тұлғалалар тұрғын үй көмегін алушы үміткерлердің табысы туралы ақпарат беруге тиісті.
17. Шиеленісті, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені шешу арнайы комиссияның қарауына енгізілуі мүмкін.
7. Жиынтық табысты есептеу тәсілдері
Отбасының орташа жиынтық табысын есептегенде оның құрамына:
"Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабының 3 тармағына сәйкес жұбайлар, олардың балалары және ата-аналары, басқа да туысқандары, еңбекке жарамды асырауындағы адамдар, жалға алушымен (меншік иесімен) бірге тұратын және коммуналдық қызметтерді бір бет есеппен төлейтіндер жатады.
19. Заңдарға және басқа да нормативтік заң актілеріне байланысты тұрғын үй алаңына құқығы бар, отбасы құрамында ұзақ уақыт тұрмаған мына тұлғалар:
әскери қызметкерлер, қысқа мерзімге әскери қызметке шақырылғандар;
бас бостандығынан айырылғандар;
интернат үйлерінде тұрақты тұратын қарттар мен мүгедектер;
мемлекеттік қамсыздандырудағы балалар отбасы құрамына есептелінбейді.
20. Отбасы құрамы және оның табысының деңгейі өзгерген жағдайда өтініш беруші оларды растайтын құжаттарды тапсыруға тиісті.
21. Отбасының жиынтық табыстарын анықтау кезінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішінде ақшалай немесе заттай түрде алынған төмендегі табыстың түрлері есептелінеді:
1) жалақы түріндегі табыстар, жұмыс істеген уақытында заңға сәйкес қызметкерлерге төленген жалақының барлық түрлері, сонымен қатар сыйақы, қосымша ақылар, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер, жалақы есептеу кезінде есепке алынбайтын және кәсіпорын, ұйымдар есебінен төленетін басқа да төлемдер түрлері;
2) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік Орталықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан, кәсіпорын қорларынан төленетін зейнетақылар, шәкіртақылар, мүгедектігі, асыраушысынан айырылуы және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; бұрынғы белгіленген жеңілдіктер орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; қаржыландыру көзіне байланыссыз жәрдемақылардың басқа түрлері; өтемақы және әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға нәпаха;
4) денсаулығына келтірілген зардаптармен және басқа зақымдар шығындарын өтеу ретінде алынған бір жолғы сомалар;
5) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
6) кәсіпкерліктен және қызметтің басқа түрлерінен алынған табыстар;
7) азаматтардың өз еркімен көрсеткен өзге де табыстары;
8) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы.
8. Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған тұрғын үй көмегін есептеу.
22. Аудан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтамасыз етілген отбасыларына төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізілсін:
1) электрмен жабдықтау бойынша – электр энергиясын тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілеген 1 адам айына тұтынатын нормативтен (кВт/сағат) артық емес;
электр қуаты 1 айға 1 адамға 45 квт/сағ, 2 адамға 90 квт/сағ, 3 адамға 135 квт/сағат, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 айға 150 квт/сағат;
Ескерту. 1)-тармақшасының 2-абзацына өзгеріс енгізілді - Кызылорда облысы Сырдарья ауданы әкімдігінің 2010.07.16 N 251 шешімімен.
2) газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 баллон, салмағы - 10 кг, 4 адамға және одан да көп мүшелері бар отбасыларына 1 үлкен баллон,салмағы - 20 кг;
3) сумен жабдықтау суды тұтынуды есептеу құралы бойынша, бірақ республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары белгілеген 1 адам айына тұтынатын нормативтен (текше метр) артық емес. Есептеу құралдары болмаған жағдайда көрсетілген нормативтер қолданылады.
Ауыз су пайдалану 1 айға 1 адамға тиісті уәкілетті органдардың берген тарифі бойынша;
4) Су құбырлары жүргізілмеген ауылдық жердің тұрғындарының пайдаланған ауыз суының мөлшері мен құны ауыл әкімдерінің берген есебі бойынша;
5) Үйдің күл-қоқыстарын шығару үшін әр отбасына;
6) Канализация 1 айға 1 адамға;
7)Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылу өтемақысы абоненттік төлемақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік төлемақы арасындағы айырмамен;
8) Қатты отын (көмір) пайдалану әр отбасына от жағатын қысқы мезгілде үш адамға дейінгі мүшесі бар отбасыларына 1 айға 0,5 тоннадан, үш адамға және одан көп мүшелері бар отбасыларға 1 айға 1 тоннадан;
9. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
23. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджеттің есебінен жүргізіледі.
24. Тұрғын үй коммуналдық қызметтер көрсетуге жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау уәкілетті органдардың анықтамасымен жүргізіледі.
25. Құжаттардың дұрыс рәсімделуіне "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жауап береді.
10. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау
26. Көрсетілетін тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау құқығы бюджет мүмкіндігіне қарай жергілікті өкілетті органдарға беріледі.
27. Тұрғын үй көмегін алушыларға төленетін қаржы екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі.