Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012.06.12 N 5/6 шешімімен.
2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"
Кодексінің 3 бабының 2 тармағын және Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының
1 тармағының 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімінің
2010 жылғы 18 наурыздағы N 1-/365 санды ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат (XXX сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шиелі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі" бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Ә. Сейіжанулы
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Қ. Оразымбетов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 14 сәуірдегі
N 30/9 шешімімен бекітілген
Шиелі ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленген. Ереже Шиелі ауданының аумағында иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау және аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жануарлар ауруларына қарсы алдын алу іс-шараларын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі-Иелер) қолданылады.
3. Осы Ереже Шиелі ауданы аумағында әрекет етеді.
4. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
1) ит - сүт қоректі, көлемі, түсі және басқа да белгілеріне қарамастан, қасқыр тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
2) мысық - сүт қоректі, көлемі, түсі және басқа да белгілеріне қарамастан, мысық тұқымдасына жататын кез келген жануарлар;
3) жануардың иесі - ит пен мысықты асыраушы, күтуші адам не болмаса иесінің келісімімен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
4) иесіз жануарлар - тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
5) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;
6) иттер мен мысықтарды серуенге шығару - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғадан жалға алып отырған орын-жайдан тыс жерде болуы және иттер мен мысықтардың арнайы белгіленген аумақтарда серуендеуі болып табылады.
5. Кез-келген иесі бар жануарлар қожасының меншігі болып табылады және кез-келген меншік сияқты заңмен қорғалады.
2. Иттер мен мысықтар иелерінің жауапкершілігі
6. Иттер мен мысықтардың барлық түрлері жануарларды бірдейлендіру тәртібімен ветеринариялық ұйымда тізімдік есепке алынып, тіркеу барысында иелеріне ветеринариялық паспорт беріледі.
Тіркеу барысында иелері осы Ережемен таныстырылады және танысқандығы туралы тіркеу кітабына қол қоюмен рәсімделеді.
7. Тіркелген иттер мен мысықтар иесінің меншігі болып табылады және кез келген меншік ретінде заңмен қорғалады.
8. Иттер мен мысықтар иелері төменде көрсетілген мәселелерді ұстану керек:
1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, жануарларға адамгершілікпен қарау, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмау, ауырып қалған жағдайда ветеринар көмегіне сүйену;
2) иттер мен мысықтардың қоршаған ортаға қолайсыздық келтірмейтін және қауіпсіздік тудырмайтын, тыныштық жағдайын қамтамасыз ету;
3) жануарларды түрлеріне қарай зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес ұстау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) иттерді серуенге арнайы белгіленген орындарға шығару;
5) жалпы пайдалану орындарының ластануын жою;
6) иттер мен мысықтардың адамды немесе жануарларды жарақаттау жағдайларында жедел түрде ветеринариялық, медициналық мекемеге хабарласып, ветеринар-маман келгенше оқшаулап ұстауға тиісті;
7) ит немесе мысық Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген қауіпті аурулар түрімен ауырған деп танылған жағдайда, аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың шешімімен немесе соттың шешімі болған жағдайда ғана иесінен алынып, жойылуы мүмкін. Сонымен қатар, ит немесе мысық адамға жарақат келтірген жағдайларда, адамға жұқтыратын аурулардың немесе қауіпті аурулардың болуын тексеру үшін иелерінен алынуы мүмкін;
8) жануарлардың өлген өлексесін жоюды қамтамасыз ету. Жануар өлген жағдайда, өлексені жерлеуді жануарлар қорымы аумағында жүзеге асыру;
9) күзетші иттердің иелері қорғайтын әр түрлі аумақтарында ескерту жазуын орналастыру қажет.
3. Иттер мен мысықтарды күтіп-ұстау
9. Рұқсат етіледі:
1) Жануарларды тұрғын жайларда, оның ішінде пәтерлерде ұстауға;
2) иттерді қарғы баумен әрі томағамен көшеге, аулаға басқа да орындарға шығаруға;
10. Рұқсат етілмейді:
1) Қоғамдық орындарда, көпшілік адамдар демалатын жерлерде, мас және іс-әрекетке қабілетсіз, ақыл-есі кем азаматтарға иттерді
қыдыртуға;
2) жалпы пайдаланымдағы жерлерге, кіреберістерде, жертөлелерде, шатырдың астыларында, аулада, көп қабатты үйлерде ұстауға;
3) ашық балкондарда және лоджияларда ұстауға;
4) кіреберістерді, көшелерді, спорт алаңдарын, балалар алаңдарын, көгалдарды, тротуарларды, саябақтарды және басқа аумақтарды ластауға;
5) ит пен мысықтарды қоғамдық тамақтандыру, сауда мен өндіріс орнына, азық-түлік дүкендерінде ұстауға және әкелуге;
6) балаларға арналған аула алаңдарында, спорт алаңдарында, балалар мектепке дейінгі және оқу мекемелерінің, ем қабылдау мекемелерінің аумақтарында, парктерде және азаматтар көп демалатын басқа да орындарда серуендетуге;
7) шомылу орындарында иттерді серуендетуге, бөгеттерде, су қоймаларда және су алғыларда жуындырып, шомылдыруға.
11. Ит пен мысық иелеріне үй жануарларының
санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық ережелерін ұстану қажет.
12. Иттерді ұстауда ауладағы кіретін қақпаға "Ит күзетеді", "Абайлаңыз қабаған ит" ескерту жазуын орналастыру қажет.
4. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау
13. Қоғамдық жерлерде (вокзалдарда, көшелерде, аулалық аумақтарда, саяжайларда және басқа да орындарда) иелері тарапынан байлаулы қалдырылғандардан басқа, ілеспе тұлғаларсыз жүрген иттер мен мысықтар иесіз жүрген болып саналады.
14. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулайтын арнайы рұқсаты бар тұлғалармен аулануға жатады.
15. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау мен жою шараларын осы арнайы рұқсаты бар тұлғалар жүргізеді.
16. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлердің техникалық қамтамасыз етілуі аулауды жүзеге асыратын тұлғаларға тапсырылады.
17. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулаумен айналысатын жұмыскерлер және көлік жүргізушісі жануарларды аулау және тасымалдау кезінде қауіпсіздікті және ізгілікті сақтауы тиіс.
18. Иесіз жүрген иттер мен мысықтарды аулау кезінде ауланған үй жануарларын иемденуге, жеке тұлғалар мен ұйымдарға сатуға немесе беруге рұқсат етілмейді.
5. Иттер мен мысықтарды ұстау Ережесін бұзғандығы үшін жауапкершілік
19. Осы Ережені бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелеріне "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 311 бабы қолданылады.