Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2012.04.12 N 3/4 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағын басшылықка ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314 Қаулысы негізінде аудан әкімінің 2010 жылғы 18 наурыздағы N 1-/365 санды ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат (XXX сессия) ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аз қамтамасыз етілген отбасыларына коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған тұрғын үй көмегінің нұсқаулығы" бекітілсін.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясын төрағасы Ә. Сейтжанұлы
Аудандық
мәслихат хатшысы С.Қ. Оразымбетов
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 14 сәуірдегі
N 30/7 шешімімен бекітілген
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға
коммуналдық қызметтің ақысын төлеуге арналған
тұрғын үй көмегін көрсету
НҰСҚАУЛЫҒЫ І. Жалпы ережелер
1. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы- тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
2. Тұрғын үй көмегі "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Уәкілетті орган) арқылы тағайындалып төленеді.
Аз қамтамасыз етілген отбасыларының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Шығыстардың шекті деңгейі отбасы табысының 15 пайызы мөлшерінде айқындайды.
4. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер бола алмайтын отбасылар:
1) отбасында 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, бірінші, екінші топтағы мүгедектер мен сексен жастан асқан адамдарды күтушілерді, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатындар және стационарлық емделуде жатқан азаматтарды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде
оқымайтын, әскери қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген, өзін-өзі жұмыспен қамтығаны жөнінде тілхат бермеген еңбекке жарамды тұлғалары бар отбасылар;
2) ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасы;
3) тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
2. Тұрғын үй көмегін көрсету және тағайындау тәртібі
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
6) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
7) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
8) әділет басқармасынан жеке меншігіндегі бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама, (жылына бір рет) немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда;
9) жеке меншік қосалқы шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер;
10) өтініш берушіге тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжат тапсырған айының алдыңғы айының төлем түбіртектері есептелінеді;
11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
12) жергілікті атқарушы органмен келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы жүргізуге ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлау керек.
Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжаттарды тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жауапты.
3. Отбасының жиынтық табысын анықтау тәртібі
5. Тұрғын үйдің меншік иесі немесе жалдаушысы (қосалқы жалдаушысы) болып
табылатын отбасының (азаматтың) жиынтық табысын анықтаған кезде оның құрамында нақты бірге тұратын адамдар ескеріледі.
Отбасының жиынтық табысына отбасының құрамында бірге тұратын адамдардың кірісі есептелінеді.
6. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) өзге де табыс.
7. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) төтенше жағдай салдарынан денсаулыққа және мүлікке келтірілген зиянды өтеу жәрдемақысы.
4. Тұрғын үй көмегін есептеудің нормативтері
Тұрғын үй көмегі норма және нормативтер шегінде тағайындалады.
1) Отын бір отбасына 3 айға 2 тонна;
2) Тұрғын үй алаңы бір адамға 18 шаршы метр;
3) Ауыз су, көшедегі су кұбырларынан 1 адамға тәулігіне 50 л, жеке құбырдан 1 адамға тәулігіне 80 л;
4) Электр қуатын 3 адамға дейін мүшелері бар отбасыларына әр кайсысына 70 квт; 3 адамнан жоғары мүшесі бар отбасына 230 квт;
5) Газды пайдалану 1 айға 4 адамға дейінгі отбасыларына - шағын газ баллон салмағы 10 кг, 4 және одан да көп мүшесі бар отбасыларына 1 үлкен газ баллон салмағы 20 кг;
6) Жалға алған тұрғын үй шығынына айына 2000 теңге;
7) Абоненттік ақының ұлғайюына сәйкес байланыс қызметтері үшін төленетін ақы;
8) Канализация, күл-қоқыс шығындарына төленетін ақы.
Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтылған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
5. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
8. Тұрғын үй көмегінің төлемін қаржыландыру жергілікті атқарушы органның тиісті қаржылық жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
9. Тұрғын үй көмегінің төлемі екінші деңгейдегі банктердің бөлімдері арқылы қызмет көрсетушілердің немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы және кондоминиум объектісін басқару
органдарының ағымды жинақ шоттарына есептелген соманы аудару жолымен жүзеге асырылады.