Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 9 наурыздағы N 3 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1.Алғабас ауылындағы Октябрьдің 70 жылдық көшесіне Қазақстан
Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, ақын, жыршы-термеші, сазгер Шынболат Ділдебаевтың есімі берілсін.
2.Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3.Осы шешімнің орындалуына бақылау ауылдық округі әкімі
аппаратының бас маманы Ахметова Аманкүлге жүктелсін.
Жуантөбе ауылдық округі әкімі Е.Ахметов