Алғабас ауылындағы жаңадан түскен көшеге Сариев Дайрабайдың есімін беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жуантөбе ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 21 маусымдағы N 6 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Шиелі ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 21 шілдеде N 10-9-123 тіркелді

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 37 бабының 3 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 4 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Алғабас ауылындағы жаңадан түскен көшеге Қазақ ССР оқу министрлігінің "Халық ағарту ісінің озық қызметкері" атағына иегер, соғыс және еңбек ардагері Сариев Дайрабайдың есімі берілсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ахметова Аманкүлге жүктелсін.

      Жуантөбе ауылдық округі әкімі                     Е. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады